Экология • 03 Мамыр, 2024

Астанада климат өзгерістеріне қатысты танымдық дәріс өтті

71 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

National Geographic Qazaqstan журналы Астанадағы Отырар кітапханасында жаһандық климат өзгерістері мен Big Data тақырыбында арнаулы дәріс өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада климат өзгерістеріне қатысты танымдық дәріс өтті

Фото: the-steppe.com

Климат өзгерісі - жаһандық шұғыл мәселе. Соңғы уақытта бұл тақырып Қазақстанда да жан-жақты талқыланып келеді, мақсатты іс-шаралар ұйымдастырылып, маңызды келісімдерге қол жеткізіледі.

Осы тұста National Geographic Qazaqstan өкілі Қанат Абашов Big Data деректерін пайдаланып, табиғат катаклизмдері мен олардың салдарларын қалай талдауға, болжауға болатынын көрнекі мысалдармен баяндап, қажетті ресурстарды назарға ұсынды.

у

Ал іс-шараның арнайы қонағы болған саяхатшы-блогер Дастан Мұхамедрахым саяхаттау және дронмен видео түсіру тәжірибесін бөлісіп, видео-блогерлік Қазақстанның ішкі туризміне қалай ықпал ететіні туралы ойларын ортаға салды.

ф

Көпшілік климат өзгерісі бізден алыста жүріп жатыр және оның бізге әсері жоқ деп пайымдайды. Алайда бұл үдеріс бізге де жетті. Оның әсері мен зардабын біздің ел де тарта бастады. Бұған соңғы 2-3 жыл көлеміндегі қуаңшылықтар мен су тасқындары айғақ.

Ғалымдардың болжауынша, алдағы жылдары қуаңшылық, су тапшылығы ұлғайып, дауыл болмайтын аймақтарда апатты дауылдар жиілей бермек. Сондықтан, «Шеврон» компаниясының қолдауымен өткен осындай семинар климаттың өзгеру проблемасын шешуге, халықтың жалпы хабардарлығын арттыруға, сол арқылы ықтимал қауіп-қатердің алдын алу ісіне өз пайдасын тигізетіні ақиқат. Алдағы климаттық өзгерістерге аталған онлайн платформалар арқылы кез келген ел алдын ала жоспар құрып дайындала алады. Жаңа құралдар мен технологиялар табиғи қиындықтармен тиімді күресуге мүмкіндік берері анық.

Соңғы жаңалықтар