Елімізде «Мен елімді сүйемін» акциясы өтуде. Осыған орай кеше Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде тікелей эфирде телекөпір болып өтті. Туған елге, Отанға деген тұрғындардың сүйіспеншілік себептері мен махаббат лебізін көрсетуге бағытталған жобаның мақсаты айқын. Бұл ретте екі жұма ішінде 200-ден астам жарияланымдар мен бейнематериалдар тарап үлгерген әлеуметтік желіде бұл жобаны қолдаушылар күн санап арта түсуде.
Бірінші кезекте арнайы түсірілген бейнероликтерге кезек беріліп, онда еліміздің беделді тұлғалары өз Отанын неліктен жақсы көретіндігі жайында сөз қозғайды. Телекөпір аясында еліміздің өзге өңірлерімен байланыс орнатылып, Маңғыстау облысынан байланысқа шыққан қарт Каспийдің тұрғындары осынау патриоттық бастамаға қолдау көрсетуге қашанда әзірміз деген ізгі ниеттерін жеткізді. Сондай-ақ, бүгін біздің белсенді жастарымыз теңіз жағалауында елдігімізді айқындайтын шараға өз үлестерін қосу үшін жиналып тұр. Осы ретте сөз кезегін Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов пен ҚХА Жастар қанатының мүшесі Ислам Мұсаевқа береміз деген жастар оларға сөз тізгінін ұстатты. Ата-бабамыздың азаттық жолындағы арманы жүзеге асқан бүгінгі елімізді мақтан тұтамын. Шаршы алаңға шыққанда мені қолдап отырған Отанымның бар екендігін сезінемін. Сол қолдау мені жеңіске жетелейді. Туымыз биікке көтерілгенде бойымды асқақ рух билейді, мен Отанымды сүйемін, деді Ә.Ниязымбетов өз сөзінде.
Сондай-ақ, еліміздің шырайлы шығысынан байланысқа шыққан өскемендіктер де бұл шараны қолдауда белсенділік танытты. Өз өңірінің мақтанышы, еліміздің еңбек сіңірген спорт шебері, Азия ойындарының үш дүркін чемпионы Ольга Рыпаковаға сөз берілді. Ол Қазақстанды шексіз сүйетінін, себебі мұнда сәтті өмірге бағытталған керекті жағдайлардың барлығы жасалғанын және Отанның құшағы қашанда ыстық екенін ерекше атап өткен спортшы жас ұрпақты елдің даңқын көтеруде аянбай еңбек етуге шақырды.
Телекөпір қонақтарына арнайы сөз беріліп, олар да өз кезегімен жылы лебіздерін жеткізді. Бұл ретте еліміздің танымал тұлғалары, спортшылар мен ұстаздар, әншілер және өнер майталмандары жиылған студияда сөз алғандар қатарында мемлекетіміздің белгілі актері Қуандық Қыстықбаев болды. Менің бағым болар, театрда да, кинода да мен сомдайтын рөлдердің барлығы ерлікке, отаншылдыққа арналады. Соның ішінде елге деген махаббатымды даңқты партизан, Халық Қаһарманы Қасым атамыздың рөлін сомдаған кезде ерекше сезіндім. Бұл фильмді әлемнің басқа да елдерінде көрсетуде, мен оны еліміздің Тәуелсіздігіне жасалған сый деп білемін, деді ол.
Жас бүлдіршіндердің жүрегіне патриоттық сезім нәрін егіп жүрген ұстаз Гүлден Ертаубаева да бала тәрбиесінде, ұрпақ тәлімінде басты орын алатын ұстанымның отансүйгіштікке баулу екендігін атап айтты. Келешегімізге даңғыл жол салып, болашақтың берік іргесін қалайтын жастардың санасына елге деген сүйіспеншілікті сіңірудің маңыздылығына айрықша тоқталған мұғалім, бірлігі жарасқан ел жастарының жүрегі Отан деп соғуы қажеттігін жеткізді.
Алматы қаласындағы Медеу мұз айдынына жиылған жұрт елордамен байланысқа шықты. Олардың қатарында еліміздің беделді азаматтары – Олимпиада чемпионы Ермахан Ибрагимов, әнші Мәдина Сәдуақасова, Турал Эверест, Тұрар Рахымберлин, Мұрат Мұтырғанов та бар. Отанға деген сезімін топтық бимен жеткізген тұрғындар флеш-моб ұйымдастырды. Алматының ыстық сәлемінен соң телемост әнші Бүркіттің патриоттық әнімен аяқталды.
Эльмира МӘТІБАЕВА,
«Егемен Қазақстан».

Енді азаматтар зейнетақы активтерін интернет-платформа арқылы бақылай алады
Инвестиция • Бүгін, 16:02
Ақмарал Әлназарова мереке қарсаңында медицина қызметкерлерін марапаттады
Медицина • Бүгін, 15:57
Астанада заңсыз ет өнімдерін сатып келген жасырын цех анықталды
Қоғам • Бүгін, 15:45
Ақмола облысында жылына 60 млн дана кірпіш өндіретін зауыт іске қосылады
Аймақтар • Бүгін, 15:34
Таяу Шығыстағы шиеленіс: Air Astana рейстерді тоқтату мерзімін ұзартты
Оқиға • Бүгін, 15:15
Айыппұл арқалап жүрмеңіз: Алматы – Астана тасжолында жаңа камералар іске қосылды
Қоғам • Бүгін, 14:50
Таяу Шығыс елдерінен қазақстандықтардың кезекті легі елге аман-есен жеткізілді
Саясат • Бүгін, 14:40
Әлихан Бөкейханның туғанына – 160 жыл: Астанада Алаш ардақтыларына тағзым етілді
Тұлға • Бүгін, 14:30
Шымкенттегі 4 адамның өлімі: Мамандар қайғылы оқиғаның алдын ала себебін атады
Оқиға • Бүгін, 14:17
Щучинсктегі өрт: Дәмхана иесі екі айға қамауға алынды
Оқиға • Бүгін, 14:00
Иранның дроны Әзербайжан аумағына құлады: Шекараға әскер топтастырылып жатыр
Әлем • Бүгін, 13:50
Телеграмда скинхедтер чатын құрған жасөспірім жазаланды
Оқиға • Бүгін, 13:45
АҚШ-тың Ирандағы мектепке жасалған шабуылға қатысы бар ма?
Әлем • Бүгін, 13:43
Атыраудағы қылмыс: Индонезияда ұсталған күдіктілер елге қашан жеткізіледі?
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 13:31
Өмір сүру сапасы рейтингі жарияланды: Қазақстан қаншасыншы орында тұр?
Қазақстан • Бүгін, 13:20