бағдарламасының екінші кезеңі басталды
Елімізде «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі іске асыратын «Бәсекеге қабілетті көшбасшылар – ұлттық чемпиондар» бағдарламасының екінші кезеңі басталды. Кеше осы бағдарламаны талқылаған басқарушы комитеттің кезекті отырысында бірқатар жайттар мәлім болды.
Аталған бағдарлама Елбасының «Ұлттық чемпиондар» идеясын іске асыру мақсатында әзірленген болатын. Ол елімізде өңірлік және әлемдік деңгейдегі компанияларды қалыптастыру арқылы бәсекеге қабілетті, өнімдері экспортқа бағытталған шикізаттық емес сектордың өндірістерін құру үшін жұмыс істейтін болады. Бағдарлама ішкі тікелей инвестициялардың өсімін қамтамасыз ету, жалақысы жоғары жұмыс орындарын құру, шикізаттық емес экспортты дамыту, еңбек өнімділігін арттыру сияқты маңызды мәселелердің шешімін табуын қарастырады.
Бұл жобаны іске асыру үшін осы мәселе жөнінде әлемдік деңгейде үлкен тәжірибесі бар McKinsey&Company халықаралық консалтингтік компаниясы тартылды.
Аталған мәселені талқылаған отырысқа Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумның төрағасы Тимур Құлыбаев, Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев, «Бәйтерек» холдингінің басқарма төрағасы Қуандық Бишімбаев қатысты.
Бағдарламаның бірінші циклына тамақ өнеркәсібі, машина жасау және құрылыс материалдары өндірісі сияқты салалардан 27 компания қатысуда. Бағдарламаның бірінші кезеңі қатысушылары үшін халықаралық сарапшылармен бірлесіп 105 өсім бастамалары әзірленді, 2018 жылға қарай олардың тиімдігі: компаниялардың түсімі 170 млрд. теңгеге ұлғаяды. Шамамен 5 мың жұмыс орны ашылады. Экспорт көлемі 35 млрд. теңгеге және импортты алмастыру 66 млрд. теңгеге ұлғаяды, ІЖӨ өсіміне тигізетін оң ықпалы 85 млрд. теңге мөлшерінде болады және салық алымы 24 млрд. теңгеге артады деп болжануда.
Бүгінгі күні жарияланған 105 бастаманың 70 пайызға жуығы іске қосылды. Компанияларға бастамаларды іске асыруда үш бағыт бойынша қолдау көрсетілді. Соның ішінде бірінші бағыт бойынша McKinsey сарапшыларының қатысуымен консультациялық қолдау жасалды. Екінші бағыт бойынша қаржылық қолдау көрсетілді. Мәселен, бүгінгі күні бағдарламаға қатысатын компанияларды қаржыландыру 19,2 млрд. теңге сомасына мақұлданды. Үшіншіден, Инвестициялар және даму министрлігінің, Ұлттық экономика министрлігінің, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қатысуымен мемлекеттік және институттық қолдау жасалды.
Қолға алынған басым бастамалар ішінде Ресей мен Қытай нарығына шығу, Қазақстан нарығынан импортты ығыстыру, «ұқыпты өндіріс» тәжірибесін енгізу, жаңа өндірістік қуаттарға инвестициялау, баға белгілеуге тәсілдерді жақсарту, сатылымды басқару дағдыларын дамыту және тағы басқа мәселелер қарастырылды.
«Бәйтерек» холдингінің төрағасы Қуандық Бишімбаев «Баян Сұлу» қатысушы-компаниясын мысалға келтіре отырып, енгізілетін бастамалардың тиімділігі туралы айтып берді.
«Баян Сұлу» компаниясы көтерме сауда жасаушылар арқылы ғана сатуға бағдарланған болатын. Диагностика жүргізу кезеңінде тікелей сатылым-
дарды дамыту бойынша бастама ұсынылды. Қанатқақты жобаны енгізу нәтижесінде Оңтүстік Қазақстан облысындағы филиалында сатылым деңгейі 40 млн. теңгеге дейін немесе 2,6 есеге өсті», деп атап өтті Қ.Бишімбаев.
«Ұлттық чемпиондар» бағдарламасын іске асырудың екінші кезеңінде қосымша өңдеу өнеркәсібі, қызмет көрсету, ауыл шаруашылығы сияқты экономика салаларында жұмыс істейтін компанияларды да қосу жоспарлануда. Осы кезеңде «Ұлттық чемпиондар» бағдарламасына қатысу үшін 10 отандық компания іріктеледі деп күтіледі.
«Ендігі кезекте іріктеу өлшемшарттарына болашақ ұлттық чемпиондар қатарына аса ірі компанияларды да қатыстыру көзделеді. Компанияның жылдық айналым қаржысының көлемі 5 млрд.-тан 70 млрд. теңгеге дейін болуы тиіс. Табыстың басым бөлігі экономиканың таңдалған нысаналы секторының біріне тиесілі болуы қажет», деп мәлімдеді «Бәйтерек» холдингінің басшысы.
Бағдарламаның екінші кезеңін іске асыру 3 кезең бойынша жүзеге асырылмақ. Олар – компанияларды таңдау, диагностика, бастамаларды іске асыруда қолдау көрсету.
Отырыста сөз болып отырған мәселеге қастысы McKinsey компаниясы өкілінің бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі баяндамасы тыңдалды. Осы баяндамаға қатысты Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президумының төрағасы Тимур Құлыбаев, Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев, тәуелсіз сарапшы Ораз Жандосов өз пікірлері мен ұсыныстарын білдірді.
Сұңғат ӘЛІПБАЙ,
«Егемен Қазақстан».

Енді азаматтар зейнетақы активтерін интернет-платформа арқылы бақылай алады
Инвестиция • Бүгін, 16:02
Ақмарал Әлназарова мереке қарсаңында медицина қызметкерлерін марапаттады
Медицина • Бүгін, 15:57
Астанада заңсыз ет өнімдерін сатып келген жасырын цех анықталды
Қоғам • Бүгін, 15:45
Ақмола облысында жылына 60 млн дана кірпіш өндіретін зауыт іске қосылады
Аймақтар • Бүгін, 15:34
Таяу Шығыстағы шиеленіс: Air Astana рейстерді тоқтату мерзімін ұзартты
Оқиға • Бүгін, 15:15
Айыппұл арқалап жүрмеңіз: Алматы – Астана тасжолында жаңа камералар іске қосылды
Қоғам • Бүгін, 14:50
Таяу Шығыс елдерінен қазақстандықтардың кезекті легі елге аман-есен жеткізілді
Саясат • Бүгін, 14:40
Әлихан Бөкейханның туғанына – 160 жыл: Астанада Алаш ардақтыларына тағзым етілді
Тұлға • Бүгін, 14:30
Шымкенттегі 4 адамның өлімі: Мамандар қайғылы оқиғаның алдын ала себебін атады
Оқиға • Бүгін, 14:17
Щучинсктегі өрт: Дәмхана иесі екі айға қамауға алынды
Оқиға • Бүгін, 14:00
Иранның дроны Әзербайжан аумағына құлады: Шекараға әскер топтастырылып жатыр
Әлем • Бүгін, 13:50
Телеграмда скинхедтер чатын құрған жасөспірім жазаланды
Оқиға • Бүгін, 13:45
АҚШ-тың Ирандағы мектепке жасалған шабуылға қатысы бар ма?
Әлем • Бүгін, 13:43
Атыраудағы қылмыс: Индонезияда ұсталған күдіктілер елге қашан жеткізіледі?
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 13:31
Өмір сүру сапасы рейтингі жарияланды: Қазақстан қаншасыншы орында тұр?
Қазақстан • Бүгін, 13:20