12 Қараша, 2010

Халықтар достығы күні өткізілді

505 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Жуырда Астанада Бүкіләлем­дік рухани мәдениет форумы өткізілгені баршамызға мәлім. Өткен аптада Шәкәрім атын­да­ғы Семей мемлекеттік универ­си­тетінде сол аталған алқалы жи­ын аясында “Бір шаңырақ ас­тын­да бірлігіміз жарасқан елміз” деген тақырыппен Халықтар достығы күні өткізілді. Соған орай ұйым­дас­тырылған дөңгелек үстел ба­сындағы мәжілісті уни­верситет ректоры, академик Ер­лан Сыды­қов кіріспе сөзбен аш­ты. Бұдан кейін сөз Бүкіл­әлем­дік рухани мәдениет форумын өткізу жөнін­дегі ұйымдастыру комитетінің төрағасы, респуб­ли­ка Парламенті Сенатының де­пу­таты белгілі ком­позитор Төлеген Мұхамеджановқа берілді. Бұдан кейін облыстық іш­кі саясат де­пар­таментінің бастығы Жақ­сы­лық Омар, орыс және татар эт­но­мәдени бірлестіктерінің бас­шы­лары Михаил Панин мен Ғаб­­далхақ Ахунжанов және бас­қа­лар сөз сөйледі. Халықтар достығына арнал­ған жиын барысында универси­тет­тің бас корпусының фойесінде этномәдени бірлестіктердің көр­месі өткізілді. Бұдан кейін бір­лес­тіктер басшылары уни­вер­си­тет студенттерімен кездесті. Ал жиын соңы Халықтар дос­тығы күніне арналған ойын-сау­ыққа, спорт шараларына ұласты. Дөңгелек үстел қорытын­ды­сы­мен арнайы үндеу қабылданды. Дәулет СЕЙСЕНҰЛЫ, Семей.