12 Қараша, 2010

Ықпалдастыққа оң қадам

387 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
10 қарашада “Нұр Отан” ХДП Төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин Қытай Халықтық Консультативтік кеңесі Бүкілқытайлық комитетінің Төрағасы Цзя Цинлинь бастаған Қытай Халық Республикасы делегациясымен кездесті, деп хабарлады “Нұр Отан” ХДП-ның баспасөз қызметі. Кездесу барысында партия­ара­лық әріптестіктен бастап көптеген маңызды мәселелер талқыланды. “Нұр Отан” партиясы мен Қытай Коммунистік партиясы арасында өзара қарым-қатынастың берік негізі қаланған, соның арқасында екі ел түрлі деңгейде жиі деле­га­ция­лар алмасып, партиялардың тал­дау-зерттеу ұйымдарымен тығыз байланыс жасайды. Сонымен қа­тар, екі елдің жетекші саяси күш­те­рі қазіргі уақытта “Нұр Отан” ХДП төрағалық етіп отырған Азия саяси партиялары Бас Ассамблеясы аясында белсенді ынтымақтастыққа қол жеткізген. Басқосуда Астанада өтетін ЕҚЫҰ Саммиті өзекті тақырыпқа айналды. “Нұр Отан” Елбасы, пар­тия Төрағасы Нұрсұлтан Назар­баев­тың тапсырмасы бойынша аталған халықаралық шараның дай­­­ындық және өткізу жұмыстарына белсене араласады, әсіресе, сам­мит­ті ақпараттық-насихаттық жа­ғымен қамтамасыз ету, халық­ара­лық және қазақстандық үкіметтік емес ұйымдармен ықпалдасуы басты назарда. Нұрлан Нығматулин Астана Саммитінің тарихи маңыздылығын тілге тиек ете келіп, оны өткізуге түпкілікті шешім қабылдауға ықпал еткен Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев қызметінің аса құнды ак­тивке айналғандығын баса атап өтті. Өз кезегінде Цзя Цинлинь Қа­зақстанның Орталық Азияда саяси тұрақтылық пен ұлтаралық келі­сім­ді сақтаудағы рөлін баса айта келіп, біздің еліміздің әлемдік элитаға сенімді қадам басуы ең алдымен Қа­зақстан Президенті Нұрсұлтан На­зарбаевтың тұлғалық және ха­лық­аралық беделімен тікелей бай­ланысты екеніне тоқталды.
Соңғы жаңалықтар