06 Қараша, 2010

Мамандыққа құштарлықты арттыру — Шығыстағы жұмысшы жастар лицейінің басты мақсаты

718 рет
көрсетілді
11 мин
оқу үшін
Үстіміздегі жылдың тамыз ай­ында Шығыс Қазақстан облысы мұ­ғалімдерінің дәстүрлі кон­фе­рен­циясы жылдағыдан жаңаша си­патта, кейінгі толқын жастар үлгі-өнеге алатындай мәнді де сәнді өтті. № 17-ші мектептің атшапты­рым кең залында Кенді Алтайдың түкпір-түкпірінен келген ұстаздар өздері жасаған ұлттық нақыштағы киім-кешек, текемет, кілем, басқа да заттарын ала келіп, үлкен жәрмеңке ұйымдастырды. Оған облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысып, көрмені аралап шықты. Зайсан ауданындағы № 11-ші кә­сіптік лицейдің директоры, жаңа­шыл да іскер ұстаз Әлия Құсман­қызы Қасымова ұйымдастырған арнайы көрме бұрышына келген кезде өңір басшысы қызығушылық танытты. Қазақтың алты қанат киіз үйі, ішінде неше түрлі ою-өрнек, қамшы, ертоқым, басқа да қажетті заттар жайнап тұр. Зайсандағы қасиетті қара шаңырақ осыдан 65 жыл бұрын дүниеге келіпті. Аспаз­шы, тігінші, шаштараз, есепші, құрылысшы, газбен және электр­мен дәнекерлеуші мамандықтарын әзірлейтін оқу орнын осы уақытта мыңдаған жас бітіріп шыққан. Өңір басшысы Әлия Құсманқызының ісіне ризашылығын білдірді. Мұ­ғалімдердің тамыз конференция­сында Ә. Қасымова басқаратын кә­сіптік лицей “ең үздік номинация” атағын жеңіп алды. Жақында ол басқаратын ұжымда болудың сәті түскен еді. Ауыл шаруашылығын өркенд­е­­туде сала мамандарының, қара­пай­ым кәсіп иелерінің алатын орны үлкен екендігі айтпаса да түсінікті. Бұл мәселеге еліміздің Президенті Н. Назарбаев әр кез жете көңіл ау­да­рып келеді. Елбасы Қазақстан халқына Жолдауында: “Барлық деңгейдегі техникалық және кәсіп­тік білім беруді дамытуға бағыт­талған тиісті шаралар қолдануымыз шарт” деген болатын. Бұл сөздер білім беру жүйелеріне үлкен міндеттер жүктейтіндігі белгілі. Аудан орталығы – Зайсан қа­ласының бір шетінде үш қабатты оқу ғимараты, екі қабатты жатақ­хана, техника тілін үйренуге арнал­ған зертханалары бар № 11 кәсіптік лицей аумақты жерді алып жатыр. Бұл білім ошағының негізі 1945 жылы қаланған. Алғашқы уақытта ауыл шаруашылығын механикалан­дыру училищесі, одан кейін СПТУ, № 23 кәсіптік техникалық мектеп (КТМ) ретінде жұмыс істеген. Әлия Қасымова бес жылдан бері осы мекемені басқарып, ауыр­ды да, жеңілді де бастан өткеріп келеді. Ұрпақ тәрбиелеп, жеке тұлға етіп қалыптастыруда, ұжымды бас­қаруда басшы Ә. Құсманқызының еңбегінің ұшан-теңіз екеніне, оқу тәрбие үрдісінде үлесінің зор екен­дігіне еш күмәніміз жоқ. Ә. Құс­манқызы кәсіптік лицейдің табыс­ты еңбегін мақтан еткен кезде “Нә­тижеге бағытталған жеке тұлғаны өмірден өз орнын табатын маман етіп оқыту мен тәрбиелеуде, педа­го­гикалық қызметкерлердің іс-әре­кетін ұйымдастыруда әр саланы бас­қарып отырған лицей директо­ры­ның орынбасарлары Әлия Өте­уова, Ербұлан Абдрахманов, Әлия Сыязбаева, аға шебер Қасен Сыба­нов, әдіскер Гүл Жайлаубаева, ша­руашылық жөніндегі орынбасары Нұрлыбек Көпжасаров сынды әр­іптестерімнің үлкен жауапкершілік пен шығармашылық еңбектеріне риза боламын”, – дейді. Лицейдің кәсіптік білім беруі­нің басты бағыты – жұмыс беру­шіге қажетті еңбек нарығының та­лабына сәйкес білікті маман дай­ындау. Бұл бағытты жүзеге асыру үшін кәсіби білік пен жұмыс­шы­лардың білік­ті­лік деңгейінің жаңа талаптарын ан­ықтайтын көптеген мәдени шара­лар, кездесулер, дөң­гелек үстелдер, сайыстар, бай­қау­лар өткізіледі. Бүгінде білім ошағы трактор­шы-машинист, электрик, жүргізу­ші, газбен дәнекерлеуші, ауыл шаруашылығы өндірісінің шебері-фермер, құрылысшы, шаштараз, аспаз, тігін, есепші мамандықтары бойынша кадр даярлауда. Бұл ли­цейге балалар тоғызыншы сынып­тан кейін қабылданады. Оқу мер­зімі – екі жыл он ай. Осы уақыт ішінде шәкірттер болашақ маман­дығының қыр-сырына қанығып шығады. Жыл сайын 70-80 түлек өндіріске, үлкен өмірге жолдама алады. Қазіргі уақытта түрлі ма­ман­дықтар бойынша 281 бала тәлім-тәрбие алып жатыр. Серіктес ұйымдармен жұмыс жүр­гізуде оқу орны Зайсан қала­сындағы кәсіпкерлермен, шаруа қожалықтарымен тығыз байланыс орнатқан. Атап айтқанда: “Шығыс энерготрейд” ЖШС, “Зайсан-Нұр Сервис” ЖШС, “Дарын” ЖШС, “ДЭУ-33” ЖШС, “Қара Ертіс” ШҚ, “Нұр” ШҚ, “Зайсан-тазалық” мекемесі, т.б. Жастарға білім, тәрбие беріп жүрген азаматтардың қай-қайсысы да өз істерін жақсы біледі. Мысалы, арнаулы пән мұғалімдері Бекзат Абикешов, Бақыт Құдайбергенов, Риза Жадыкова, өндірістік оқу шеберлері Насиев Ерғали, Әбеев Қанағат, Оңғарбаев Әсемғазы, Кі­жіков Құрманбек, Затов Айнабек, Хуснуллин Рафит, Қалиасқаров Ай­тахмет, Төлеуова Гүлжазира, кі­тапханашы Карменова Шолпан, тәрбиеші Нұрасылова Нұрлан, Айтбаев Талант, оқушыларды та­мақ­пен жабдықтаушы Майжерова Мә­ліктің іскерлігі және аспаз­шы­лар Оспанбаева Шынар, Қой­шы­баева Жанар, Кужкаева Гүлжанат есімдерін ерекше атап айтуға бо­лады, есепші және кадр бөлімінде істейтін мамандар, дәрігер Төлеп­бергенова Париза, Солтанова Жа­нат, Тлеуханова Сайраш, Әндір­ба­ева Гафура, жас мамандар Қонар­баев Дулат, Қажымұратов Серік, Мей­рамқан Гүлнұр, Алханова Зай­ра, Ниғметолла Ерік, Ткеева Күл­зипа, аспазшыларды даярлайтын Айғозина Нұрқия, шаштараз­шы­лар­ды даярлайтын Жантекеева Ми­ра, есепшілерді даярлайтын Қали­баева Алмагүл сияқты өндірістік оқыту шеберлері озық тәжіри­бе­сімен әріптестерінің, оқушылардың мақтанышына айналған. Оқулықтар жөнінен аздаған қи­ындықтар болғанымен, оқытушы­лар қолда бар мүмкіндіктердің бә­рін сарқа пайдалануда. Оқу каби­нет­тері заман талабына, эстети­ка­лық талғамға сай жабдықталған. Ақпараттану кабинеті де соңғы үл­гідегі компьютерлік техникалармен жұмыс істейді. Спорт залы, мәжіліс залы әркез жастардың игілігінде. Мамандықтарды даярлаудың негізі болып табылатын оқыту шеберханалары, зертханалары, оқу сыныптары бүгінгі күн талаптарына сай жаңарып, көркейіп жабдық­талған деуге толық негіз бар. Соңғы үш жылдық білім ке­­­сін­дісінің нәтижесі бойынша жылдан-жылға оқушылардың білім сапа­сы­ның оң нәтиже беріп, оқу үлгері­мі­нің 100 пайызға жеткендігін кө­руге болады. Лицейде 8 үйірме жұ­мыс істейді, оған 165 оқушы тар­тыл­ған. 2 факультативтік сабақ жүр­­гізіледі, оған 45 оқушы қаты­сады (бұл жалпы оқушы санының 85%). Топ оқушылары оқу бары­сын­да жылда өткізілетін апталық­тар­ға, спорттық шараларға, мәдени көпшілік шараларға, жарыстарға үнемі қатысып, жүлделі орындарды иеленуде. Лицейде мамандық алуға тал­пынып келген қандастарымыз – оралман оқушыларға ерекше көңіл бөлініп, тілді үйренуге, жазу-сы­зуға, компьютерлік сауаттылыққа, жергілікті оқушылармен қарым-қатынас жақсартуға бағытталған мақсатты шаралар жүргізіледі. Осы орайда, қазақ тілі пәнінің мұғалімі Нұркенова Армангүл Сейітқанқы­зының “Жас ақындар” атты пәндік үйірмесінің жұмыстары ерекше қы­зығушылық туғызады. Армангүлдің әрбір өткізген үйірме жұмысындағы шаралары қазақ тілінің мәйегі сөз маржандарын теруге үйретеді. Осы үйірменің еңбегі нәтижесінде “Же­ңісті жастар жырлайды” атты жас ақындардың өлеңдер жинағы жа­рық көрді. Сонымен қатар, жатақ­ха­надан ақысыз орын беріліп, тегін тамақ пен оқулық және қосымша курстармен қамтамасыз етіледі. Оқушы білімін дамыту, нақ­ты­лау мақсатында мектепішілік, пән­аралық олимпиадалар, “Ең үздік шығарма” байқаулары өткізіліп, жүл­дегер анықталып отырады. Ли­цей оқушылары аудандық шығар­машылық көрмеге қатысып жүлделі орындардан көрінді. Шаштараз мамандығы бойынша Еркінқызы Ермек Өскемен қаласында болған облыстық мамандықтар сайысына қатысып, жүлделі ІІІ орынды ен­ші­леді. АШ-16 топ оқушылары Қа­нат­ұлы Ноян мен Ертісбаев Дәурен Көкпекті ауданында өткен үздік механизаторлар сайысына қатысып, жүлделі ІІІ орынды еншілеп және өнерпаз мектеп номинациясын жеңіп алды. Жақында Зайсанға келген сапа­рында облыс әкімі Бердібек Сапар­баев қаладағы № 11 кәсіптік лицей­ге келіп, онда атқарылып жатқан жұмыс барысымен танысты. Лицей директоры Әлия Қасымова жас­тар­ға кәсіптік бағдар беру бағытында жүзеге асырылған істерді, алда тұр­ған міндеттерді аймақ басшысына жеткізді. Оқу ғимаратын, өндірістік шеберхананы, мәдени шара өт­кізілетін залды, асхананы аралап шық­қан аймақ басшысы ұйым­дас­тырылған жұмыстарға, нәтижелі істерге оң баға бере отырып, № 11 кәсіптік лицейдің облыс орталы­ғы­нан шалғайда орналасуына бай­ланысты және жүргізуші топтарына жеңіл автокөлікті облыстық білім басқармасының бөліп беруіне ықпал жасайтынын уәде етті. Алда асқаралы міндеттер тұр. 32 жылдан бері ұстаздық етіп келе жатқан Әлия Қасымова кәсіптік лицейді аралатып көрсетті. Жаны­мызда еріп жүрген аудан әкімінің орынбасары Қазбек Биқадамов бұл оқу орнына түсуге жастардың құш­тарлығы жыл сайын артып келе жат­қанын тілге тиек етті. Аудан әкі­мі Серік Зайнулдин кәсіптік ли­цейге жиі келіп тұрады, оқушы­лар­дың проблемасына көңіл бөледі. Басқа да жағдайларды жасап тұрады. – Елбасы Н. Назарбаевтың елімізде білімді де білікті жұмысшы жастар тәрбиелеу жөніндегі тап­сыр­масын орындау басты мінде­ті­міз. Аманшылық болса, 2012 жыл­дан бастап, агротехникалық кол­ледж­ге айналамыз. Демек, жұмыс­шы кадр тапшылығы болмайды деген сөз. Зайсанда газ бен мұнай­дың мол қоры табылды. Қазір Май­­қапшағайға дейін темір жол тарту мәселесі жоғары жақта оң ше­шілетін сияқты. Яғни, осы ма­ман­дықтар бойынша кадрлар әзір­лесек деген де ой бар. Биыл өзіміз­­дің учаскедегі жерден 20 тонна астық, бес тонна картоп, сәбіз, қы­зылша жинап алдық. Оны күтіп бап­тайтын оқушылардың өздері. Ең­бекке бейімделген шымыр жас­тар күні ертең өз ортасында құр­мет­ке бөленетіні сөзсіз, – деп ағы­нан жарылды лицей директоры Әлия Қасымова. Сұңғат ӘЛІПБАЙ, Оңдасын ЕЛУБАЙ. Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы. -------------------------------- Суретте: Зайсан ауданы әкімінің орынбасары Қазбек Биқа­дамов, директордың орынбасары Ербұлан Кенжебекұлы, директор Әлия Қасымова, аудандық мәслихаттың хатшысы Нұрбек Бей­­сенов.