06 Қараша, 2010

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бұйрығы№314

521 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
2010 жылғы 12 қазан  Астана қаласы Зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізілімі туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 16 шілдедегі № 356 бұйрығының күшіне енуіне байланысты, бұйырамын: 1. Бұрын Зияткерлік меншік объектілері бар тауарлар тізіліміне енгізілген зияткерлік меншік объектілерін Зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес енгізілсін. 2. “Санаткерлік меншік объектілері бар тауарларды тізілімге енгізу туралы” (Қазақстан Республикасы Қаржы Вице-министрі – Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2005 жылғы 14 маусымдағы № 227, 2005 жылғы 17 тамыздағы № 309, 2005 жылғы 26 қыркүйектегі № 379, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2006 жылғы 17 наурыздағы № 107, 2006 жылғы 6 мамырдағы № 167, 2006 жылғы 7 тамыздағы № 271, 2006 жылғы 19 қыркүйектегі № 317, 2006 жылғы 6 қарашадағы № 353, 2006 жылғы 20 қарашадағы № 360, 2007 жылғы 25 қаңтардағы № 20, 2007 жылғы 1 наурыздағы № 60, 2007 жылғы 21 сәуірдегі № 104, 2007 жылғы 10 мамырдағы № 124, 2007 жылғы 3 тамыздағы № 214, 2007 жылғы 15 тамыздағы № 227, 2007 жылғы 24 қыркүйектегі № 279, 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 399, 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 17, 2008 жылғы 26 ақпандағы № 34, 2008 жылғы 18 наурыздағы № 59, 2008 жылғы 4 мамырдағы № 124, 2008 жылғы 19 шілдедегі № 217, 2008 жылғы 28 шілдедегі № 227, 2008 жылғы 18 тамыздағы № 253, 2008 жылғы 25 қыркүйектегі № 287, 2008 жылғы 4 қарашадағы № 322, 2008 жылғы 5 желтоқсандағы № 348, 2008 жылғы 24 желтоқсандағы № 366, 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 371, 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 8, 2009 жылғы 25 ақпандағы № 37, 2009 жылғы 8 сәуірдегі № 90, 2009 жылғы 20 сәуірдегі № 111, 2009 жылғы 5 мамырдағы № 130, 2009 жылғы 29 мамырдағы № 156, 2009 жылғы 8 маусымдағы № 163, 2009 жылғы 16 шілдедегі № 212, 2009 жылғы 21 тамыздағы №  233, 2009 жылғы 5 қарашадағы № 311, 2009 жылғы 23 қарашадағы № 329, 2009 жылғы 23 желтоқсандағы № 349, 2010 жылғы 5 ақпандағы № 41, 2010 жылғы 1 наурыздағы № 63, 2010 жылғы 11 наурыздағы № 78, 2010 жылғы 30 сәуірдегі № 146, 2010 жылғы 12 мамырдағы № 159, 2010 жылғы 16 маусымдағы № 221, 2010 жылғы 29 маусымдағы № 236, 2010 жылғы 12 шілдедегі № 255, 2010  жылғы  25  тамыздағы  № 280  бұйрықтарымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен) Қазақстан Республикасы Қаржы Вице-министрі – Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2005 жылғы 5 мамырдағы № 168 бұйрығының күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Кедендік бақылауды ұйымдастыру басқармасы (Д.Қ. Төлемісов) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасары Ө.К. Бейіспековке жүктелсін. 5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Төраға Қ.К. КӘРБОЗОВ.