07 Қыркүйек, 2010

Қауіпсіздік саласындағы қарымдылық

414 рет көрсетілді
ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының жыл сайынғы өтетін кезекті 19-сессиясында 2010 жылы ЕҚЫҰ Саммитін өткізу туралы қарар қабылданғаны белгілі. Одан кейін ол ЕҚЫҰ-ға мүше елдер сыртқы істер министрлерінің бейресми кездесуінде қолдау тауып, Саммит Астанада өтетін болып шешілді. Қазақстан тарапынан төрағалық еткен жартыжылдық уақыт аралығында істелген жұмыстар мүше мемлекеттердің оң бағасына ие болды. Саммиттің өтуі де осы жартыжылдықтағы істердің барысына байланысты болды десек, артық айтқандық емес. Соңғы рет түрік жерінде өткен ЕҚЫҰ-ға мүше елдер мемлекет басшыларының сам­митінен бері 11 жыл өте шығыпты. Алай­да осы уақыт аралығында қордаланған проблемалар жетерлік. Әлемде бірқатар сындарлы оқиғалар орын алып, оның соңы саяси-экономикалық ахуалдың өзгеруіне алып келді. Олардың шешіміне жеткілікті ықпал ете алмаған Ұйым соңғы жылдары жекелеген елдердің жергілікті проблема­лары­на араласа бастағаны мәлім. Оның арты бір-бірін кінәлауға, “қос стандарттар” ту­ралы ауыр сөздерге ұласып жатты. Міне, Ұйым еліміз төрағалықты қолына алғаннан кейін осындай ыңғайсыз жағдайдан шығып, бейпіл әңгімелер сап тыйылғандай болды. ЕҚЫҰ төрағалығында бірқатар іс-шаралар өткізіліп, туындаған проблемалардың шешімі қарастырыла бастады. ЕҚЫҰ Саммитін биылғы жылдың 1-2 желтоқсанында Астанада өткізу туралы ше­шім шығарылғанына байланысты жасаған мәлімдемесінде Мемлекет басшысы Нұр­сұл­тан Назарбаев Астана Саммиті стратегиялық бағыттар мен ЕҚЫҰ дамуының “жол кар­та­сын” белгілеп беруді көздейді деп ерекше атап өтті. Бұл – Ұйымның ары қарай қан­дай бағытпен жүрерін айқындап алу деген сөз. “Астанада ЕҚЫҰ Саммитін өткізу ту­ра­лы шешімнің тарихи күнге сәйкес келуі­нің терең символикалық мәні бар деп есеп­теймін. Осыдан 35 жыл бұрын, 1975 жылдың 1 тамызында Хельсинки қорытынды актісіне қол қойылды. Жоғары дәрежелі кездесудің біздің Ұйымды қазіргі өмір шындығына бейім­деуге жағдай жасайтынына сенімім мол”, деп атап өтті Нұрсұлтан Әбішұлы. Осы ретте еліміз Ұйым төрағасы ретінде жаңа қауіп-қатерлерге, әсіресе, лаңкестік пен есірткі тасымалына қарсы күресті кү­шей­туге, ол үшін Ауғанстан мен Қырғыз­стан­дағы жағдайды тұрақтандыруға күш са­лып отыр. Осылайша Қазақстан ЕҚЫҰ-ның Еуратлантикалық және Еуразиялық кеңістігінде туындаған қатерлеріне тосқауыл қою мақсатында Ұйым жұмысын айтар­лық­тай жетілдіре түсуге күш салуда. “Біз үшін біз­дің қоғамымыздың толеранттылық, дәс­түр­лерді құрметтеу, сенім мен өзара түсі­ністік тәрізді басты құндылықтарын паш ету­дің таңғажайып мүмкіндігі тұр”, дей келе, Н.Назарбаев Қазақстанның әлемдік саяси аренада өзіндік орны бар екендігін де анық байқатты. Жаһандану заманында Еуропа құрлы­ғын­дағы елдер өз қауіпсіздіктері мен тұрақ­тылықтарын өздері шешіп ала алмайтынына анық көз жеткізіп отыр. Бір кездері кәрі құрлықта көміршілер мен теміршілердің мүддесін қорғау үшін құрылған Ұйым қазір әлемдік сипатқа ие. Сондықтан да Еуропа, Америка және өзге құрлықтағы елдер ЕҚЫҰ-дан үлкен үміт күтеді. Астанада өткен ЕҚЫҰ ПА-ның 17-сессиясында ПА төрағасы Йоран Леннмаркер былай деген-ді: “Мен 2010 жылды тағатсызданып күтіп жүрмін, өйт­кені Қазақстан төрағалығы Орталық Азия мен Еуропа арасындағы байланыстарды күшейтуге мүмкіндік береді, сондай-ақ осы ықпалды да үлкен елде ашықтық пен демо­кра­тияны нығайтады”. Әрине, төрағаның бұл шынайы лебізін біз ерекше ықыласпен қабыл алдық. Осы ретте Еуропа елдерінің энер­гетикалық қауіпсіздікке жауап бере ала­тын Ресеймен және Орталық Азия елде­рі­мен стратегиялық әріптестікке ынталы екен­ді­гін де байқау қиын емес. Оны еуропалық­тардың өздері де жасырмайды. Егер 2009 жылғы көрсеткішке көз салсақ, онда Қа­зақ­станның сыртқы сауда айналымының 40 пайызы Еуропалық Одақ елдеріне тиесілі екенін көреміз. Яғни, былтыр сауда-саттық 29 миллиард АҚШ долларына жеткен. Энер­гетикалық қауіпсіздік тұрғысынан алған­да еуропалық елдер Батыс пен Шы­ғыстың арасына көпір сала алатын Қазақ­станға үлкен үміт артады. Осы орайда тұрақсыздық жайлаған Ауған­станда миллиардтаған долларға баға­ланатын жерасты қазба байлықтары бар екендігі бұқаралық ақпарат құралдарынан белгілі болып отыр. Мұншалықты иен бай­лық сол ел халқынының игілігіне жұмсалуы керек болса, алдымен тұрақтылық орнату қажет. Міне, осы бағытта еліміз бірқатар іс-шараларды қолға алып, айтарлықтай көмек көрсетті. Төраға ретінде Ауғанстанда бейбіт өмір қалыптастыру мақсатында бірқатар бастамаларға мұрындық болды. Сондай-ақ көршілес Қырғызстанға гуманитарлық жәрдем қолын созды. Бұдан басқа 1 мил­лиард АҚШ долларындай донорлық кө­мек­ке қол жеткізуге ықпал етті. Осындай игі іс­тердің басы-қасында жүрген еліміз халық­аралық ұйымдар мен ірі мемлекеттермен иық біріктіре әрекет етуде. Ұйым халықтың жағдайын жақсартуға, адам құқының жан-жақты қорғалуына, әділдік пен ізгілікке құрылған қоғам орна­туға және билік пен халық арасын жақын­датуға бағытталған стандарттар қалыптас­ты­ратын институт ретінде де қызмет ете алады. Сайлаулар барысына байқаушы болып келе жатқан ЕҚЫҰ халықтың тұрмыс жағдайын жақсартуға қажетті ұсыныстар мен стан­дарт­тар әзірлеу бағытында айтарлықтай әлеуетке ие. Мәселен, “Нью-Йорк Таймс” газетіне берген сұхбатында АҚШ-тың Қазақстандағы алғашқы елшісі Уильям Кортни былай депті: “Қазақстан – тәуелсіздік алған сәтінен бас­тап өзінің даму бағытында көптеген сәтті қа­дамдар жасаған мемлекет. Ал енді Қазақ­стан басқарған жылы ЕҚЫҰ-ның жемісті қызмет атқаруы – беделді мемлекеттердің оның бастамаларын қолдауына тікелей байланысты”. АҚШ-тың Халықаралық және стратегия­лық зерттеулер орталығында өткен “2010 жылы ЕҚЫҰ-ға мүше елдер мемлекет бас­шы­ларының саммиті қажеттігін бағалау” атты дөңгелек үстелде сарапшылар мұндай шараның қажеттігін ерекше атап көрсеткен. ЕҚЫҰ өз жауапкершілігі шеңберінде сенім мен қауіпсіздікті нығайту жөніндегі өзінің міндетін толық атқара алмайды және дағ­дарыс жағдайында тұр. Ол тек Балқан мен Кавказға ғана байланысты емес, сонымен бірге, Орталық Азиядағы, әсіресе соңғы кездегі Қырғызстандағы оқиғалардан да бай­қалуда дейді. Осы ретте сарапшылар ЕҚЫҰ-ны НАТО, ҰҚШҰ және ШЫҰ кірмейтін, яғни “қауіпсіздігі күңгірт аймақтардағы” елдердің проблемаларын шешуде үлкен әлеуетке ие, ерекше тетік ретінде бағалайды. АҚШ Мемлекеттік хатшысы Хиллари Клин­тон мен вице-президент Джо Бай­деннің сөздерімен айтқанда, Ұйым еур­азиялық және еуратлантикалық кеңістіктегі барлық қауіпсіздіктің архитектурасын нығайтушы және толықтырушы іргетас болып табылады. Шынында да қазір еліміз Әзірбайжан мен Армения арасындағы Таулы Қарабақ жай­ын, Ресей мен Грузия арасындағы Оңтүстік Осетия мәселесін, Молдова мен ешкім әлі мойындай қоймаған Приднестровье проб­лемасын қарастыруға күш салып отыр. Брюссельде өткен ЕҚЫҰ мен ЕО-ға мүше елдер сыртқы істер министрлерінің кездесуінде Ұйымның Іс басындағы төрағасы, еліміздің Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев: “Бүгін Еуропа қауіпсіздігі тұжырымдамасы еуропалық құрлық шеңберінен алыс кетіп, Еуразияның үлкен кеңістігін өзіне қосып отыр. Егер біз өзіміздің ортақ қауіпсіздік проб­лемаларымызды шешкіміз келсе, онда Еуразия мен Еуратлантика аймақтарын­дағы мемлекеттерді біріктіретін қауіпсіздік жөніндегі жалғыз аймақтық ұйым – ЕҚЫҰ мен ЕО арасындағы ынтымақтастықты арт­тыруға ұмтылыс танытуға тиіспіз, өйткені, бұл жәйт үлкен маңызға ие”, деген болатын. Самитте болашақ еуропалық қауіпсіздік мә­селелері, Ауғанстанды қалпына келтіру және толеранттылық қағидаларын ынталандыру басты тақырыптардың біріне айналатыны да белгілі болып қалды. Қазіргі кезде бұл тақырыптардың бағыты мен бағдары кеңіп, пысықталу үстінде. Қазақстан ЕҚЫҰ Саммитін өткізу арқы­лы аймақтарда туындаған проблемалар ай­на­ласындағы жел сөздерді сейілтіп, Ұйым­ның жұмысын қазіргі өмір шындығына бейім­деуді және нақты істермен айшық­тау­ды мақсат тұтуда. Мәселен, шағын мемлекет – Ауғанстан Еуразия кеңістігіне ғана емес, сонымен қатар, Еуратлантика кеңістігіне де өзінің салқынын тигізіп отырғанын жасы­рудың жөні жоқ. Жер шарындағы туындаған тұрақсыздық пен қауіп-қатерлер қиырдағы үлкен державалардың өзіне де қауіп төндіруі мүмкіндігін уақыттың өзі көрсетіп отыр. Сондықтан кішігірім елдердің проблемасына ешкім де бей-жай қарай алмайды. Басқаша айтқанда, бос кеңістік ешқашан “бос жатпақ емес”. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақ­тас­тық ұйымы жұмысының жандануына байланысты бірқатар алып елдер осы Ұйым аясында өз бағыттары мен мүдделерін ай­қын­дай бастады. Олай болса, Ұйым беделіне нұқсан келтірмеу үшін оның мінберін жеке мемлекеттер мен топтардың ықпал ету тетігіне айналдырмау төраға елге үлкен жауапкершілік жүктейді. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ.
Соңғы жаңалықтар

Бірнеше өңірде қар жауады

Қазақстан • Бүгін, 09:13

Экономикалық ынтымақтастық

Президент • Бүгін, 08:45

«Алтын сапа» жеңімпаздары

Президент • Бүгін, 08:35

Мәні ерекше семинар

Саясат • Бүгін, 08:28

Қараусыз бала қайдан шығады?

Саясат • Бүгін, 08:26

Қоғамдық бақылау күшейеді

Саясат • Бүгін, 08:24

Fitch растады

Экономика • Бүгін, 08:22

Жеке тұлға банкроттығы

Қоғам • Бүгін, 08:14

Барлық үйге жылу берілді

Аймақтар • Бүгін, 08:12

Жылыту құралдары жөнелтілді

Аймақтар • Бүгін, 08:10

Еңбек пен тәрбие – егіз ұғым

Аймақтар • Бүгін, 08:06

Қайта күшейген коронавирус

Коронавирус • Бүгін, 08:04

Оқу ордасының белесі

Аймақтар • Бүгін, 08:02

Тарихы терең, білімі берен

Білім • Бүгін, 08:00

Сырбаз суреткер

Әдебиет • Бүгін, 07:59

Қажымұқан мен Карл

Әдебиет • Бүгін, 07:56

Аңызға бергісіз ғұмыр

Қоғам • Бүгін, 07:54

Құндызға құрылған фототұзақ

Аймақтар • Бүгін, 07:48

Тау-тау қоқыс кәдеге жараса...

Экология • Бүгін, 07:46

Мәдени демалыс

Қоғам • Бүгін, 07:44

Суреттегі ой сәулесі

Өнер • Бүгін, 07:40

Жүлдегер атанды

Спорт • Бүгін, 07:38

Кіші «күміске» ие болды

Спорт • Бүгін, 07:36

Жеңіс жалғасын тапты

Спорт • Бүгін, 07:34

Тартысқа толы турнир

Спорт • Бүгін, 07:30

Ұлт ұстазы ұлықталды

Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше

Ұқсас жаңалықтар