фото: ҚР ТЖМ
Ведомство мәліметінше, өрт сөндірушілер оқиға орнына келген кезде құрғақ шөп, ағаштар мен қалың өсімдіктер жанып, өрттің әкімшілік және жеке ғимараттарға таралу қаупі болған.
Өртті сөндіру үшін канал бойындағы ошақтарға арнайы қайық тартылып, нәтижесінде тілсіз жау жедел түрде ауыздықталды.
Құзырлы органдар жүргізген тексеру барысында өртке кінәлі адам анықталып, оған қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 336-бабы бойынша хаттама толтырылды.
Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға, құрғақ шөпті өртемеуге және ашық от көздерін қараусыз қалдырмауға шақырды.