07 Қыркүйек, 2010

Жүйелі жұмыс табысқа бастайды

496 рет көрсетілді

Жастықтың жұлынқұрты

Ішкі істер министрлігі тарапы­нан мүдделі мемлекеттік және жергілікті аумақтық органдармен бірлесе отырып, нашақорлыққа жә­не есірткі бизнесіне қарсы стра­тегияның екінші кезеңін – 2009-2011 жылдарға арналған бағдарла­маны іске асыру бойынша елеулі жұ­мыс­тар атқарылды. Яғни, үсті­міз­дегі жылдың бірінші жарты­жыл­дығында бағдарламаның 55 іс-шарасы іске асырылып, көзделген кестелік жүйенің орындалуы қамтамасыз етілді. Министрліктің есірткіге қарсы күрес комитеті мен оның аумақ­тық бөліністері еліміздегі білім беру, денсаулық сақтау мекеме­лері­нің, үкіметтік емес ұйымдар­дың, “мектеп инспекторларының” өзара іс-қимыл бірлігі негізінде бала­лар мен жастарға арналған 5200 әртүрлі алдын алу іс-шара­ларын өткізді. Атап айтқанда, 295 акция, 3419 дәріс пен кездесу, 299 дөңгелек үстел мәжілісі өтіп, 380 спорт жарыстары мен турнирлерге 246,5 мың адам қамтылды. Астана, Алматы қалаларында, барлық облыс орталықтарында комитеттің бастамасы бойынша Ха­лық­аралық нашақорлыққа қар­сы күрес күніне арналған акция­лар ұйымдастырылды. Осы акция­ның шеңберінде, комитет бастама­сымен мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шаралар ұйымдас­ты­ры­лып, өткізілді. Бұл іс-шаралар­дың барлығы да халықтың есірт­кі­г­е қарсы көңіл ауанын қалыптас­тыруға бағытталды. Ағымдағы жылы Павлодар, Астана, Алматы қалаларының 161 орта білім беру оқу орнында оқу­шылардың, мамандардың қаты­суы­мен есірткіге қарсы ком­пью­тер­лік бағдарламаны сынау және енгізу ұйымдастырылды. Осы ша­ра бары­сында психологтар, әлеу­меттік пе­да­гогтар үшін “Бала­лар мен жасөс­пірімдердің психи­калық белсенді заттарға тәуелділігі тәуе­кел­дерінің қа­лыптасуы мен да­муын ерте анық­­тау тәсілдері” та­қы­рыбы бо­йын­ша үш күндік се­ми­нар-тре­нингтер өткізілді. Сын­нан сүрін­беген 161 маманға ар­на­йы серти­фи­каттар тапсырыл­ды. Сон­дай-ақ, Қарағанды, Пав­лодар және Тараз қала­ларының мектеп­терінде ком­пьютерлік бағ­дарлама­ны тиімді пайдаланудың мо­нито­ринг жүйесі әзірленіп, жұмыс ау­қы­мын алдын ала бағалау өткізілді. Жыл ішінде жалпы білім бере­тін 5020 мектепте есірткі бекеттері, 211 сенім телефоны, 162 балалар қоғамдық қабылдаулары құрылып, олардың күшімен оқушыларға психологиялық көмек көрсетілуде. Статистикалық деректер бо­йын­ша 51 366 есірткі құрал­дарын, психотроптық және уытты заттар­ды тұтынушы 51366 адам тіркел­ген. Көрсеткіш былтырғы жылғы­дан 8,6 пайызға төмендеген. Есеп­те тұрған әйелдер мен кәме­лет­ке толмағандар қатарының тұ­рақты кему үрдісі сақталуда. Сон­­дай-ақ, соңғы жылдары “на­ша­қор” және “уытқұмар” диаг­нозы­мен есепте тұрған кәмелетке тол­мағандар саны­ның қысқаруы байқалуда. Министрліктің негізгі күштері есірткіні өткізу фактілерінің жолын кесуге, есірткі трафигінің арна­ларын жабуға және есірткінің ірі партияларын жоюға жұмыл­дырыл­ған. Жылдың алты айында құ­қық қорғау органдары 5079 есірт­­кі қылмысын анықтады, оның 4817-сі ішкі істер орган­дары­ның үле­сінде. Министрліктің есірткіге қарсы күрес бөлімдері 3 ұйым­дас­қан қылмыстық топты анықта­ды, олардың 10-ны есірткі қылмысын жасағаны дәлелденіп отыр. Оған қоса, ел аумағына есірт­кі контра­бан­дасына байла­ныс­ты 52 қылмыс­тық әрекет тір­кел­ген. Ішкі істер органдарының есірткі бизнесіне қарсы күрес бө­лім­дері өткен жылы есірткі тра­фигінің 62 арнасын жой­ды, нәти­жесінде 175 килоға жуық есірткі, оның ішінде 9,5 кило героин алын­ды. Есірткі трафигі ар­на­лары­ның жолын кесу мақ­сатын­да “ба­қы­лаудағы жеткізілім әдісі бойын­ша” 11 операция, оның ішінде 3-і ресейлік әріптестермен бір­лесіп өткізілді. Осының нәти­же­сін­де 155 кило есірткі жойылды. Есірткі қылмысын жасағаны үшін 3331 адам ұсталғаны алаң­датады. Соған қарамастан, жыл ішін­де есірткі қылмысына қатыс­ты әйелдер санының 10 пайызға, кәмелетке толмағандар санының 76,2 пайызға азаюына байланысты оң үрдіс сақталды. Есірткі бизнесіне қарсы күрес саласында халықаралық ынты­мақ­тастық байланыстар кеңейтілгенін атап өту қажет. Ағымдағы жылғы 17 мамырда есірткі құралдарының заңсыз айналымына және олардың теріс пайдалануына қарсы күресте ынтымақтастық туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі және Ауған­стан Ислам Республикасы Үкіметі­нің арасында келісімге қол қойыл­ды. Шанхай ынтымақтастық ұйы­мы ауқымында Ауғанстан бойын­ша арнайы конференция­ларға белсенді қатысу жүзеге асты. Бұл орайда ШЫҰ-ға мүше мемлекет­тер мен Ауғанстанның терроризм­ге, есірткінің заңсыз айналымы мен ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес проблемалары бойынша маңызды құжаттар қабылданды. Сондай-ақ, Ұжымдық қауіпсіздік шарт туралы ұйымға мүше мем­ле­кет­тердің жедел-іздестіру қызметі саласындағы ынтымақтастық, ақпараттар алмасу және кадрларды дайындау жөніндегі үш отыры­сына қатыстық. Онда кадрларды даярлау және қайта даярлау, Бір­лес­кен деректер банкінің жұмы­сын жетілдіру, жедел өзара іс-әрекеттер ықпалын арттыруды көздейтін іс-шаралар белгіленді. Елімізде БҰҰ-ның Есірткі және есірткі қылмыстары жөнін­дегі басқармасымен бірлесіп, елдің құқық қорғау органдарының есірт­кі бизнесіне қарсы күрес бойынша қызметін жетілдіруге, оларды ма­териалдық-техникалық және кадр­лық әлеуетін нығайтуға бағыттал­ған бірқатар жобалар іске асыры­лу­да. Осы орайда “Астана – есірт­кі­сіз қала” өңірлік бағдарлама­сы­ның табысты атқарылып жат­қанына назар салғымыз келеді. Есірткіге қарсы қоғамдық им­мунитетті қалыптастыру мақ­сатын­да БАҚ-пен тығыз байланыс орна­тылды. Медиа-жоспар бойын­ша 26 баспасөз мәслихаты мен бри­финг өткізілді. Бұқаралық ақ­парат құрал­дарында 426 материал, оның ішінде 145 телесюжет жа­рия­л­анды. Жалпы, біздің күнделікті қыз­метімізде Қазақстан Республика­сын­да нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2006-2014 жылдарға арналған страте­гиясын, “Астана – есірткісіз қала” бағдарламасын іске асыру жө­нін­дегі іс-шаралар басым бағыттар болып қала бермек. Марат БОРАНБАЕВ, Ішкі істер министрлігінің басқарма бастығы, полиция полковнигі.
Соңғы жаңалықтар

Доллар бағамы қайта өсті

Қаржы • Бүгін, 16:12

Ұқсас жаңалықтар