07 Қыркүйек, 2010

Жас еңбеккерлер слеті

415 рет көрсетілді
4 қыркүйекте Сәтбаев қаласында “Нұр Отан” партиясы мен “Қазақмыс корпорациясы” ЖШС бірлесе ұйымдастырған  жас еңбеккерлердің алғашқы слеті өтті. Оған Қазақстанның түкпір-түк­пі­рінен 350 делегат жиналды. Шараны ұйымдас­тыру­шылар жұмыс тә­жірибесі бар, жоғары кәсіби маман кез келген өндіріске қажет, келешегінен үміт күттіретін жалынды жастарсыз кәсіп­орын­ның болашағы жоқ деп санайды. Форум жұмысын ашқан “Нұр Отан” ХДП Төраға­сы­ның бірінші орынбасары Нұр­лан Нығматулин: “Жас еңбек­шілерді тәрбиелеу – Елба­сы­мыз, партиямыздың Төр­ағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ірі компания басшыларына жүк­те­ген негізгі міндеттерінің бірі. Бүгінгі күні “Қазақмыс” кор­по­ра­ция­сын­дағы партиямыз­дың бас­тау­ыш ұйы­мы осы тап­сырманы орын­дау­ға белсене кірісіп қана қой­май, жас ма­ман­дарға арнайы бағдар­ла­ма әзір­леп отыр. Онда жастардың білім алуы, маман­ды­ғын жоға­рылатуы, ең бастысы, әлеу­мет­тік жағдайы қарасты­рыл­ған”, – деді. Жастармен жұмыс тиімді­лі­гін арттыру мақсатында ағым­дағы жылы жас мамандар ту­ралы ере­же мен жас мамандар кеңесі іске қосылып, қазірдің өзінде ай­мақ­тарда және ірі компанияларда құ­рыл­ды. Мекеме бірінші кезекте оларды оқыту мәселесіне назар аударып отыр. Корпорация басшысы жас еңбеккерлерді жан-жақты қол­дауға, баспанамен қамтамасыз ету мә­се­лесін шешуге уәде бер­ді. Форум со­ңында слетке қатысу­шы­лар еліміз­дің инно­ва­циялық дамуы бойынша Ұлт Көшбас­шы­сы Нұрсұлтан На­зар­баевтың бас­тамасын қол­да­ған “Корпорация­ның жас ең­бекшілері гүлденген Қазақстан үшін!” атты Қазақстан жаста­ры­на арналған үндеу қабылдады. “Егемен-ақпарат”.
Соңғы жаңалықтар

Доллар бағамы қайта өсті

Қаржы • Бүгін, 16:12

Ұқсас жаңалықтар