Аймақтар • Бүгін, 18:23

Шымкентте DamDastour халықаралық гастрономия фестивалі өтеді

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкентте 21 наурыз күні Наурыз мерекесі аясында DamDastour халықаралық гастрономия фестивалі өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Шымкентте DamDastour халықаралық гастрономия фестивалі өтеді

Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, аталған іс-шара Наурыз мейрамын атап өту аясында өткізіліп, қала тұрғындары мен қонақтарына ұлттық және әлемдік асхананың таңдаулы үлгілерін таныстыруға бағытталған. Сонымен қатар бұл іс-шара маңызды оқиғалар күнтізбесіне енгізілген. Фестивальге Қазақстаннан және шетелден келген халықаралық деңгейдегі 10 шеф-аспаз қатысып, өздерінің авторлы тағамдарын ұсынып, аспаздық шеберліктерін көрсетеді. 

Фестиваль аясында түрлі гастрономия байқаулары ұйымдастырылады.

Іс-шара кең ауқымды мәдени-ойын-сауық бағдарламасымен қатар өтеді. Қонақтарды street style және K-pop бағыттарындағы Dance Battle, домбырашылар ансамблінің өнер көрсетуі, батырлар шоуы, цирк қойылымдары, мотошеру мен Moto Show, спорт автокөліктері көрмесі, сондай-ақ қолөнершілер жәрмеңкесі күтеді.

Іс-шара бірнеше тақырыптық аймаққа бөлініп ұйымдастырылады. Этноаймақта гастрономия байқаулары мен халықаралық шеф-аспаздардың шеберлік сабақтары өтеді, ал еуропалық аймақта заманауи шоу-бағдарламалар, би байқаулары және мотошоу ұсынылады. Сонымен қатар Арбат аумағында күні бойы қолөнершілер көрмесі жұмыс істейді.

Наурыз қарсаңында ұлттық спортты ұлықтау – ұтымды үрдіс

Фестивальдің ресми ашылуы салтанатты түрде өтеді, ал кешкі уақытта жеңімпаздарды марапаттау рәсімі мен концерттік бағдарлама ұйымдастырылады. Бағдарламада отандық әртістердің өнер көрсетуі және арнайы шақырылған хедлайнердің концерті қарастырылған.

Айта кетейік, аталған іс-шара 2026 жылғы 21 наурыз күні сағат 12:00-де Шымкент қаласындағы Әл-Фараби алаңында өтеді. 

Наурызнама нақышы: салтқа берік сарбаздар

Соңғы жаңалықтар