Көкшетаудағы Науан хазірет атындағы орталық мешіт қала іргесіндегі “Нұрлы көш” ауылында тұратын оралман ағайындарға арнап ауызашар берді. Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде, қысқа мерзімде бой көтерген жаңа елді мекенде Қытай, Иран, Моңғолия, Ресей, Өзбекстаннан оралған 170-тен астам отбасы қоныстанған.
Ауызашарға жиналған қауым алдында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілі, облыстың бас имамы Қанат Қыдырмин құттықтау сөз сөйлеп, Рамазан айының тағылымы жайында уағыз айтты. Орталық мешіттің наиб-имамы Нұрлан Әбенұлы оразаның парыз-міндеттері туралы ой қозғаса, Краснояр кенті мешітінің имамы Науан Мүтәлұлы шариғатымыздың ізгілікке, бауырмалдыққа бастар қағидаттарынан әңгіме өрбітті. Сондай-ақ, өңірге белгілі айтыскер ақын, дін жанашыры Арман Бердалин өзінің діни тақырыптағы өлеңдерін оқыды.
Өзгелер тәлім алар ауызашардан кейін тарауих намазы оқылды.
Бақберген АМАЛБЕК. Ақмола облысы.

Биыл өңдеу өнеркәсібінде 1,5 трлн теңгеге 190 жобаны іске қосылады
Үкімет • Бүгін, 19:18
Синоптиктер Астанаға не себепті қар жаумай тұрғанын түсіндірді
Ауа райы • Бүгін, 18:37
Мемлекет басшысы Біріккен Араб Әмірліктерінің Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 18:04
Жаңа алгоритм АИТВ-ны бірнеше секундта анықтайды
Медицина • Бүгін, 17:51
Ұланның 5573 әскери бөліміне жас сарбаздардың жаңа легі қосылды
Айбын • Бүгін, 17:42
Қоғамды дамытудың тың мүмкіндіктері талқыланды
Елорда • Бүгін, 17:30