* * *
ҰҚК ҰЖЫМЫНА ЖАҢА БАСШЫ КЕЛДІ Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұртай Әбіқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Кеше Мемлекет басшысының тапсырмасымен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Аслан Мусин ҰҚК ұжымына жаңа басшыны таныстырды. – Сіздердің баршаларыңыз оны білесіздер, сіздер ұзақ жылдар бойы бірге қызмет атқардыңыздар. Елбасы қойған барлық қызметтерде Нұртай Әбіқайұлы жоғары сенімді ақтай білді. Мемлекет басшысы оның бұл қызметтің де үдесінен шығарына және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің алдына қойылған барлық міндеттерді толық орындайтынына сенім білдіреді, – деді А.Мусин. Сонымен қатар, Президент Әкімшілігінің Басшысы Әділ Шаяхметовке Президенттің алғысын жеткізді. Хроника Мемлекет басшысының Жарлығымен Әділ Шаяхметұлы Шаяхметов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметінен босатылды. * * * Мемлекет басшысының Өкімімен Нұртай Әбіқаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары қызметінен босатылды.Асу Алмабаев Қатарда өтетін турнирде өнер көрсетеді
Спорт • Бүгін, 23:30
Әлем • Бүгін, 22:58
Жолдау 2024: табиғатқа ұқыпты қарау және экологиялық құндылықтарды қалыптастыру
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 22:22
Ерлан Сағынаев Ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды
Экономика • Бүгін, 21:50
Орталық Азияда өсімдіктерді зерттеу мәселесіне арналған ІІІ халықаралық симпозиум өтті
Табиғат • Бүгін, 21:24
Инфрақұрылым • Бүгін, 20:50