Сәрсенбі күні “Нұр Отан” халықтық-демократиялық партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Ибрахим Хасан Сейфпен кездесті.
БАӘ елшісі Алматыда ЕҚЫҰ-ға қатысушы елдер сыртқы істер министрлерінің бейресми кездесуінде Ұйымның Саммитін 2010 жылдың соңында Астана қаласында өткізу туралы шешімнің маңыздылығына тоқталды. Осы тұрғыда ол бұл шешімнің қабылдануы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ғаламдық бастамалары мен халықаралық жоғары беделінің нәтижесі екендігін ерекше атап өтті. Сонымен қатар, елші Орталық Азиядағы саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуде Қазақстан рөлінің маңызды екендігіне тоқталды.
Ал Нұрлан Нығматулин Ұлт көшбасшысы, партия Төрағасының халықаралық беделі Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы туралы шешімнің қабылдануына және осы Ұйымға қатысушы елдердің Саммитті Астана қаласында өткізу туралы келісе отырып шешім қабылдануына ықпал еткенін атады. Кездесу барысында тараптар ынтымақтастықтың бірқатар перспективалы бағыттары туралы сөз қозғап, пікір алмасты, Қазақстан мен БАӘ арасындағы әріптестік әрі қарай дамитындығына сенім білдірілді. Нұрлан Нығматулин мейманды қасиетті Рамазан айының басталуымен де құттықтады.

Астана мен 16 өңірде дабылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 00:30
Жүктілікті жоспарлап жүрген әйелдер қандай тексеруден тегін өте алады?
Әйел әлемі • Кеше
АИ-92 бағасы өседі деген ақпарат шындыққа жанаспайды – министрлік
Энергетика • Кеше
Медициналық сақтандыру қорының төрағасы қызметінен кетті
Медицина • Кеше
Павлодар облысында екі көлік соқтығысып, жеті адам зардап шекті
Аймақтар • Кеше
Қостанай облысында көлік қозғалысы шектелді
Ауа райы • Кеше