Осы аптада Астанада хоккейден Қазақстан Президенті кубогы жолындағы халықаралық турнир бастау алды. Ертең аяқталатын турнирге Қазақстан, Латвия, Ресей және Беларусь елдерінен “Барыс” (Астана), “Динамо” (Рига), “Атлант” (Мәскеу облысы) мен “Динамо” (Минск) командалары қатысуда.
Кешегі турнирдің демалыс күнін есептемегенде, командалар алғашқы екі күнде екі кездесуден өткізіп үлгерді. Соның ішінде Астананың “Барыс” клубы алғашқы ойынын ресейлік “Атлант” командасымен өткізіп, 4:2 есебімен жеңсе, екінші ойынында Риганың “Динамо” командасынан дәл осындай есеппен басым түсті. Басқа ойындарға келсек, Минскінің “Динамосы” Мәскеу облысының “Атлант” клубын 6:2, Латвияның “Динамо” командасын 3:2 есебімен ұтты.
Бүгін “Барыс” пен “Динамо” (Минск) кездессе, “Атлант” Риганың “Динамо” командасымен мұз айдынына шығады. Ал ертең көрсеткен нәтижелеріне қарай командалар бірінші және үшінші орындар үшін таласатын болады. Қазір осылардың ішінде “Барыстың” басқаларға қарағанда турнирді жеңіп алу мүмкіндігі көп. Екі ойында қажетті ұпайды жинаған астаналық команданың ендігі нағыз қарсыласы Минскінің “Динамо” командасы болатыны сөзсіз. Бұл команда да екі ойынын жеңіп, алаң иелерімен иық теңестіріп келеді.
Қазақстан хоккей федерациясымен “Нұр Отан” ХДП-ның ұйымдастыруымен өтіп жатқан турнирдің жүлде қоры – 3 млн. теңге немесе 20 мың АҚШ доллары. Осы сомадағы қаржы елімізде алғаш рет хоккейден өткізіліп жатқан Президент Н.Назарбаевтың кубогы жолындағы турнирде бас жүлдені алған команданың қоржынына түседі.

Астана мен 16 өңірде дабылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 00:30
Жүктілікті жоспарлап жүрген әйелдер қандай тексеруден тегін өте алады?
Әйел әлемі • Кеше
АИ-92 бағасы өседі деген ақпарат шындыққа жанаспайды – министрлік
Энергетика • Кеше
Медициналық сақтандыру қорының төрағасы қызметінен кетті
Медицина • Кеше
Павлодар облысында екі көлік соқтығысып, жеті адам зардап шекті
Аймақтар • Кеше
Қостанай облысында көлік қозғалысы шектелді
Ауа райы • Кеше