Қазақстан Республикасының бесінші шақырылған Парламентінің бесінші сессиясының ашылуына орай Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың институттық реформаларын заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету мәселелері бойынша жоғарғы Палатаның Бюро мүшелері және Аппаратының басшы қызметкерлерімен кеңес өткізді, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
«Жуырда өткен Конституцияның 20 жылдығына арналған халықаралық конференцияда сөйлеген сөзінде Президент алдағы үш-төрт жыл ішінде Ұлт жоспарын заңнамалық қамту мақсатында жетпістен астам заң қабылдау жоспарланып отырғанын, оның ішінде жыл соңына дейін 57 заң қабылдау қажеттігін айтып өтті», – деді Қ.Тоқаев.
Қалыптасқан ерекше ахуалға орай Қ.Тоқаев жеделдікті және заңдарды жоғары сапада қабылдауды қамтамасыз ету үшін Сенат комитеттерін Мәжілістің тиісті комитеттерімен және заң жобаларын әзірлеген министрліктермен ынтымақтаса қоян-қолтық жұмыс істеуге шақырды. Төраға, сондай-ақ, палатаның қосымша отырыстарын өткізу мүмкіндіктері туралы да айтты. Сондықтан сенаторларды кәсіби біліктілікті, ыждағаттылық пен жауаптылықты талап ететін ауқымды заң шығару жұмыстары күтіп тұр.
Сенат аппаратына депутаттардың заңнамалық қызметін жедел әрі сапалы құқықтық, ақпараттық, ұйымдастырушылық және құжаттамалық жағынан қамтамасыз ету тапсырылды. Заң жобаларымен жұмысқа басымдық берілетіні ескеріле отырып, комитеттердің көшпелі отырыстары мен депутаттардың іссапарларын қайта үйлестіру туралы ұсыныс айтылды.
Жаңа парламенттік сессияда Сенаттың алғашқы отырысы 3 қыркүйекте өтетін болды.
«Егемен-ақпарат».

Қала көркіне айналмақ эко-парк
Экология • Бүгін, 13:23
12 сәуір – Ғылым қызметкерлерінің күні
Президент • Бүгін, 12:25
Адамзаттың ғарыш көгіне самғағанына – 65 жыл
Технология • Бүгін, 12:10
Астанада өткен Nobel Fest x Teachers’ Summit форумында не айтылды?
Ғылым • Бүгін, 11:22
Қазақстанда ғалымдардың табысы қандай?
Ғылым • Бүгін, 11:11
Ғылым – ұлттық қуаттың интеллектуалды қалқаны
Ғылым • Бүгін, 11:01
Айды зерттеу: Қазақстан ғылымындағы ізденістер
Ғылым • Бүгін, 10:20
Астанада пәтерден шыққан өрттен үш бала қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 10:03
Астана мен Алматыда доллар қаншадан сатылып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:38
Мемлекет басшысы Пасха мерекесімен құттықтады
Президент • Бүгін, 09:20
Мемлекет басшысы мен Өзбекстан Президенті бейресми кездесу өткізді
Президент • Кеше