АЛМАТЫ. 25 мамыр. Америкалық математик, экономика саласы бойынша Нобель сыйлығын алған Джон Нэш Нью-Джерси штатында көлік апатынан қаза тапты. 86 жастағы ғалымның жанында қатар отырған әйелі – 82 жастағы Алисия Нэш те көз жұмды. Бұл туралы РБК хабарлады.
Жергілікті басылымдардың мәліметіне қарағанда, ерлі-зайыптылар таксидің салонында қауіпсіздік белдігін тақпаған екен. Такси жүргізуші ауыр соққыдан аман қалып, ауруханаға түсті.
Есімі Дүниежүзіне танымал ғалымның шынайы өмірі «Сана ойындары» атты Голливуд фильміне өзек болғанын көрермендер жақсы біледі. Ғалымның бейнесін америкалық киножұлдыз Рассел Кроу сомдаған. Картина 4 рет «Оскар» сыйлығын иеленді.
Ғалымның көлік апатына ұшырауына байланысты Рассел Кроу Твиттерде олар туралы: «Ақылы үйлескен, жүрегі бір, бастары түйсікен тамаша отбасы еді» деп жазды.
Нэш 1994 жылы экономика саласындағы «Кооперативті емес ойындардың теориясындағы тепе-теңдікті түбегейлі сараптау» тақырыбы үшін Нобель сыйлығының лауреаты атанды. Кейін белгілі болғанындай, бұл ойын теориясының негізін Нэш 21 жасында, 1949 жылы жазған екен.
Нэш ауыр сырқат екеніне қарамастан математикадан еш уақытта қол үзген емес. Әлемдік ғылым кеңістігінде «Нэштің тепе-теңдігі» деген атаулы ұғым бар.
Джон Нэш 2012 жылы Қазақстанға келіп, Астана форумына сарапшы ретінде қатысқан.
Талғат Сүйінбай.
Дерек, сурет: РБК.
• 25 Мамыр, 2015
Атақты маметматик Джон Нэш көлік апатынан қайтыс болды

UWW президенті Ненад Лалович Қазақстанға келді
Қоғам • Бүгін, 14:23
Қала көркіне айналмақ эко-парк
Экология • Бүгін, 13:23
12 сәуір – Ғылым қызметкерлерінің күні
Президент • Бүгін, 12:25
Адамзаттың ғарыш көгіне самғағанына – 65 жыл
Технология • Бүгін, 12:10
Астанада өткен Nobel Fest x Teachers’ Summit форумында не айтылды?
Ғылым • Бүгін, 11:22
Қазақстанда ғалымдардың табысы қандай?
Ғылым • Бүгін, 11:11
Ғылым – ұлттық қуаттың интеллектуалды қалқаны
Ғылым • Бүгін, 11:01
Айды зерттеу: Қазақстан ғылымындағы ізденістер
Ғылым • Бүгін, 10:20
Астанада пәтерден шыққан өрттен үш бала қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 10:03
Астана мен Алматыда доллар қаншадан сатылып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:38
Мемлекет басшысы Пасха мерекесімен құттықтады
Президент • Бүгін, 09:20