Мәжіліс спикері Сербия Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс Еуропадағы маңызды әріптестерінің бірі екенін алға тарта келіп, бүгінде екі мемлекет арасында қалыптасқан сенімді әрі сындарлы үнқатысудың жыл сайын қанат жайып келе жатқанын атап өтті. Оған мәртебелі мейманның Елбасымен кездесуі барысында қол жеткізілген келіссөздер дәлел болады. Сондықтан, біздің елдеріміз арасында ықпалдастықты одан әрі дамытудың, оның ішінде сауда-экономикалық байланысты нығайтудың әлеуеті зор.
Қ.Жақыповтың айтуынша, көлік, құрылыс, ауыл шаруашылығы, азық-түлік өнеркәсібі мен туризм салалары екіжақты қатынасты кеңейтудің басым бағыттары болып табылады. Осы ретте Мәжіліс Төрағасы іскерлік ахуалды жақсартып, инвестициялық тартымдылықты арттыру мақсатында елімізде қабылданып жатқан заңдардың маңыздылығына тоқталды.
Кездесуде тараптар халықаралық күн тәртібіндегі мәселелерге де айрықша көңіл бөлді. Мәжіліс Төрағасы мәртебелі мейманды Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіне қатысты келіссөздердің аяқталғандығынан хабардар ете келіп, Сербия Президентіне ЭКСПО-2017 көрмесін Астанада өткізу құқығына ие болуға қолдау көрсеткені үшін өз алғысын білдірді және сербиялық компанияларды осы көрмеге белсене қатысуға шақырды.
Өз кезегінде Сербия Президенті халықаралық әріптестіктің қажеттілігіне тоқтала келіп, 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне Қазақстанның кандидатурасын қолдайтындығын жеткізді. Томислав Николич тәуелсіздіктің бар ауыртпалығын еңсерген біздің еліміздің қарқынды дамуына тәнті болғанын айтты. Сондай-ақ, барша қазақстандықтарды Ата Заңның 20 жылдық мерейтойымен құттықтады.
Жүздесу барысында парламентаралық байланысты тереңдету мәселелері де назардан тыс қалмады. Осы мақсатта Парламент Мәжілісінде Сербиямен ынтымақтастық және достық тобын құру жоспарланып отыр. Сербияда бұл топты Қазақстанның аталған елдегі құрметті консулы Миланка Карич басқарады.

Грек-рим күресінен Бішкекте төрт жүлде алдық
Күрес • Бүгін, 16:34
Өскеменде жол апатынан екі жүргізуші қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 15:42
Павлодарда волейболдан маусым үздіктері анықталады
Аймақтар • Бүгін, 15:22
Астанадағы балалар ауруханасында өрт шықты
Оқиға • Бүгін, 14:50
UWW президенті Ненад Лалович Қазақстанға келді
Қоғам • Бүгін, 14:23
2025 жылғы Қазақстанның басты ғылыми жетістігі аталды
Ғылым • Бүгін, 13:55
Қала көркіне айналмақ эко-парк
Экология • Бүгін, 13:23
12 сәуір – Ғылым қызметкерлерінің күні
Президент • Бүгін, 12:25
Адамзаттың ғарыш көгіне самғағанына – 65 жыл
Технология • Бүгін, 12:10
Астанада өткен Nobel Fest x Teachers’ Summit форумында не айтылды?
Ғылым • Бүгін, 11:22
Қазақстанда ғалымдардың табысы қандай?
Ғылым • Бүгін, 11:11
Ғылым – ұлттық қуаттың интеллектуалды қалқаны
Ғылым • Бүгін, 11:01
Айды зерттеу: Қазақстан ғылымындағы ізденістер
Ғылым • Бүгін, 10:20
Астанада пәтерден шыққан өрттен үш бала қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 10:03