Кеше Мәжіліс Спикері Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен бесінші сессия бойынша Мәжілістің алғашқы бюро отырысы өтті, деп хабарлады палатаның баспасөз қызметі.
Мәжіліс Төрағасы депутаттардың жазғы каникулы кезінде Премьер-Министр бастаған Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия Президент Әкімшілігімен, Үкіметпен, Парламент палаталарының аппараттарымен етене жұмыс атқарғанын айта келіп: «Елбасымыздың Ұлт жоспарын заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етуге байланысты барлығы 67 заң қабылдау ұсынылып отыр. Біз оны абыроймен орындауымыз қажет. Қазірдің өзінде 37 жаңа заң жобасы Мәжіліс қарауына енгізілді», – деді Қ.Жақыпов.
Ал бұрыннан Мәжіліс қоржынында жатқан 7 заң жобасын қосқанда, алдағы жалпы отырыста депутаттар талқысына 44 заң жобасы ұсынылмақ. Осыған байланысты Халықаралық істер, Қорғаныс және Қауіпсіздік комитетіне – 10, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетіне – 8, Қаржы және бюджет комитетіне – 7, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетіне – 4, Әлеуметтік және мәдени даму комитетіне – 8, Аграрлық мәселелер комитетіне – 2, Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетіне 5 заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеу мерзімін тағайындау көзделіп отыр.
Олардың қатарында мемлекеттік қызмет, Жоғары Сот Кеңесі, Қоғамдық кеңестер, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы, Еңбек кодексінің жобасы жөнінде, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, Органикалық өнім өндіру, ақпаратқа қол жеткізуге қатысты, сондай-ақ, Қазақстан – Қытай мемлекеттік шекарасының режімі туралы келісімді, Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы халықаралық автомобиль тасымалдары үшін қолайлы жағдайлар жасау туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобалары бар.

Астанада өткен Nobel Fest x Teachers’ Summit форумында не айтылды?
Ғылым • Бүгін, 11:22
Қазақстанда ғалымдардың табысы қандай?
Ғылым • Бүгін, 11:11
Ғылым – ұлттық қуаттың интеллектуалды қалқаны
Ғылым • Бүгін, 11:01
Айды зерттеу: Қазақстан ғылымындағы ізденістер
Ғылым • Бүгін, 10:20
Астанада пәтерден шыққан өрттен үш бала қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 10:03
Астана мен Алматыда доллар қаншадан сатылып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:38
Мемлекет басшысы Пасха мерекесімен құттықтады
Президент • Бүгін, 09:20
Мемлекет басшысы мен Өзбекстан Президенті бейресми кездесу өткізді
Президент • Кеше
Қазақстанда негізгі ҰБТ-ға тіркелу басталады
Білім • Кеше