Жасыратын ештеңесі жоқ, осыған дейін Байқоңыр қаласындағы 6 мектепте ресейлік стандарттар бойынша білім беріп келген. Бір кездері қабылданған шешімнің кесірінен қазақтың қаракөз балалары ана тілінде білім ала алмады. Тарихын танымай, қазақстандық біліммен сусындауға мүмкіндіктері болмады. Басқа елдің тарихын оқып келген перзенттердің биылдан бастап қазақстандық стандарттарға көшетінін бұған дейін хабарлаған едік. Жаңа оқу жылы басталар тұста сөздің нақты іске ұласқанын көрдік.
Білім күні №277 мектептің табалдырығын 642 байқоңырлық бүлдіршін алғаш рет аттады. К.Тоқмұхамедов атындағы мектепте өткен «Алғашқы қоңырау» салтанатты шарасына облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қатысты.
– Биылғы оқу жылы баршамызға үлкен қуанышпен басталып отыр. Өйткені, Ресейдің оқу стандартына өтіп кеткен қазақ мектептерін өзімізге қайтарып алдық. Бүгіннен бастап осындағы 6 қазақ мектебі отандық білім беру жүйесімен жұмыс істейді. Бұл Тәуелсіз еліміз үшін және осындағы қаракөз балаларымыздың болашағы үшін маңызды,– деді аймақ басшысы.
Ата-аналардың қуанышында шек жоқ. Түйткілді мәселені шешіп берген Елбасына алғыстарын айтты. Ал, аймақ басшысы бірінші сынып оқушыларына Елбасының «Менің Отаным – Қазақстан» кітабын табыс етті.
2015 жылға аталған білім беру нысандарының шығындарына республикалық бюджеттен 982,1 миллион теңге қаржы бөлінді. Осы қыркүйек айының өзінде аталмыш білім мекемелерінің материалдық-техникалық керек-жарағын толық қамтуға қосымша 200 миллион теңге бөлінді. Сондай-ақ, мұндағы мектептерге қажетті 90442 дана оқулық толығымен жеткізілген.
Ержан БАЙТІЛЕС,
«Егемен Қазақстан».
БАЙҚОҢЫР.
• 02 Қыркүйек, 2015
Байқоңырдың балалары қазақстандық стандартпен оқиды

Астанада өткен Nobel Fest x Teachers’ Summit форумында не айтылды?
Ғылым • Бүгін, 11:22
Қазақстанда ғалымдардың табысы қандай?
Ғылым • Бүгін, 11:11
Ғылым – ұлттық қуаттың интеллектуалды қалқаны
Ғылым • Бүгін, 11:01
Айды зерттеу: Қазақстан ғылымындағы ізденістер
Ғылым • Бүгін, 10:20
Астанада пәтерден шыққан өрттен үш бала қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 10:03
Астана мен Алматыда доллар қаншадан сатылып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:38
Мемлекет басшысы Пасха мерекесімен құттықтады
Президент • Бүгін, 09:20
Мемлекет басшысы мен Өзбекстан Президенті бейресми кездесу өткізді
Президент • Кеше
Қазақстанда негізгі ҰБТ-ға тіркелу басталады
Білім • Кеше