13 Наурыз, 2015

Алаяқ әйелді сан соқтырып кетті

257 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

  13.03.2015 Alayaq

ПЕТРОПАВЛ. 13 наурыз. Облыс орталығының бір тұрғыны алаяқтың арбауына түсіп, қыруар  ақшасынан айрылып қалды. Бұл туралы egemen тілшісі хабарлады.

Белгісіз біреу петропавлдық әйелдің ұялы телефонына қоңырау шалып, ұлының теміржол вокзалы маңайындағы  полиция бөлімінде қамауда отырғанын,  40 мың теңге аударған жағдайда қылмыстық жауапкершіліктен құтылатынын хабарлайды.  «Баланы бауыр етіне» санайтын  ана байғұста ес қала ма?  Сұрағанын жинастырып,  оның ұялы телефонына  аударады.  Арада біршама  уақыт өткеннен кейін ол тағы  да хабарласып, 70 мың теңге талап етеді. Не керек,  аңқау келіншек ай-күннің аманында 80 мың теңгені «ұстата» салып,  аузы аңқиып қала береді.

Былтыр осындай бірнеше  оқиға орын алып, күдіктілер құрықталған болатын. Мұндай алаяқтар  адамның  көңіл-күйі мен психологиясын бірден таниды.  Ал, мына алаяқтың  жәбірленушінің ұялы телефонын қалай тапқаны беймәлім. Соған қарағанда тәжірибелі, тісқаққан біреу болу керек.  Іздестіру шаралары жүргізілуде, дейді Петропавл қалалық ішкі істер басқармасы криминалды полиция бөлімінің жедел уәкілі Виталий  Механошин.

Өмір Есқали.

Дереккөз: egemen.kz

Сурет: egemen.kz