13 Наурыз, 2015

Алматыда журналисті өлтірді деген күдікті ұсталды

205 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
13-03-15-KudiktiАСТАНА. 13 наурыз. Алматылық полицейлер журналист Илона Екшембаеваның өліміне қатысы бар деген күдікпен ер адамды ұстады. Бұл туралы қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Хабарламада көрсетілгендей, 44 жастағы алматылық ер адам Илона Екшембаеваның азаматтық некедегі күйеуі болған. Олар ішімдік ішкен соң өзара жанжалдасып қалып, оның соңы қайғылы жағдайға апарып соққан. Күдікті еш жерде жұмыс істемейтін көрінеді. Қазір аталған дерек бойынша, Қылмыстық кодекстің 99-бабымен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша оқшаулау камерасына қамалды. Тергеу амалдары жалғасуда. Айта кетейік, күні кеше ақпарат құралдарында 40 жастағы журналист Илона Екшембаеваның мүрдесі Алматыдағы үйінен табылғаны туралы хабар тараған.Полицейлердің айтуынша, оны пышақтап өлтірген. Журналист «Литер» басылымында, қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінде жұмыс істеген. Жолдыбай Базар. Дерек: Алматы қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі. Сурет: alashainasy.kz.