АСТАНА. 23 мамыр. Бүгін белгілі жазушы, қаламгер, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Дидахмет Әшімхан 65 жасқа қараған шағында қайтыс болды. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
Жазушымен қоштасу рәсімі ертең сағат 09:30-да Алматы қаласындағы Жазушылар одағының ғимаратында өтеді. Дүйсенбі күні туған жері Шығыс Қазақстан облысы, Қатонқарағай ауданына жерленеді.
Дидахмет Әшімхан 1950 жылы 10 маусымда Шығыс Қазақстан облысы, Қатонқарағай ауданы, Жаңаүлгі ауылында туған. 1978 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын туған өңіріндегі «Коммунизм туы» газетінде бастаған қаламгер «Лениншіл жас», «Қазақ пионері», «Қазақ әдебиеті», «Заман – Қазақстан» және «Түркістан» сынды газеттерде қызмет атқарды.
«Аққабаның толқыны», «Он бірінші күз», «Каменная падь», «Жер аңсағай сары атан», «Самырсын сазы» және «Әңгіме емес әңгімелер» атты бірнеше әңгімелер мен повестер жинағының авторы. Шығармалары өзбек, қырғыз, қытай, моңғол, орыс, украин және мари тілдеріне аударылған. Сондай-ақ, жазушының өзі де өзге ұлттың белгілі қаламгерлерінің еңбектерін қазақ тіліне аударды.
Еламан Қоңыр.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: facebook.com.

Иран Ормұз бұғазын қайта жапты
Әлем • Бүгін, 16:58
Министрлік «Қыз Жібек» фильмінің реквизиттеріне қатысты мәлімдеме жасады
Оқиға • Бүгін, 16:42
Жемқорлықпен күрес: Алты жылда 1 000-нан астам шенеунік сотты болды
Қоғам • Бүгін, 16:17
Дзюдодан Азия чемпионаты: Қазақстан қоржыны бесінші медальмен толықты
Спорт • Бүгін, 15:59
Иран әуе кеңістігін ішінара ашты
Әлем • Бүгін, 15:35
Әл-Фараби даңғылында жол ережесін өрескел бұзғандар ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 14:29
Жерде магниттік дауыл басталды
Оқиға • Бүгін, 14:06
Теміржолшыларға баспана: «ҚТЖ» мен «Отбасы банк» жаңа жобаны іске қосты
Қоғам • Бүгін, 13:32
Елордада 17 адамды «қажылыққа жіберемін» деп алдаған алаяқ жазаланды
Оқиға • Бүгін, 13:09
Бітімгерлердің БҰҰ миссиясына дайындығы тексерілді
Қоғам • Бүгін, 12:48
Түркияда мектепке шабуыл жасамақ болған топ ұсталды
Әлем • Бүгін, 12:32
Соңғы үш айда құқықбұзушылық саны 15,1 пайызға азайды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:10