04 Сәуір, 2015

Жалпы отырыстың күн тәртібі қаралды

221 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

04-04-15-parlament_RK-1

Палата Спикері Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен Мәжіліс бюросы өтіп, жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Депутаттар назарына 2009 жылғы 6 қазандағы Қазақстан мен Франция үкіметтері арасындағы Жерді қашықтықтан зондтаудың ғарыш жүйесін және ғарыш аппараттарының құрастыру-сынау кешенін құру мен пайдалану шарттары туралы келісімге түзетулерді қарастыратын хаттаманы ратификациялауға қатысты заң жобасы ұсынылады. Халық қалаулылары құ­ры­лыс­тағы баға белгілеу, сәулет-құры­лыс бақылауын, сондай-ақ, объек­тілерді пайдалануға қабылдауды жүзеге асыру мәселелері бойынша, сонымен қатар, Каспий теңізінде төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге және 2004 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан мен Ресей Федерациясының Үкі­меті арасындағы «Байқоңыр» ға­рыш айлағында «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін құру тура­лы келісімге түзетулерді көздей­тін хаттамаға қатысты екі ратифи­кациялық құжат бойынша қоры­тынды әзірлеу мерзімін тағайындайды. Осы күні мәжілісмендер, сақ­тан­дыру және исламдық қаржы­лан­дыру мәселелері бойынша заң жобасына Парламент Сенаты енгізген өзгерістерді қарайды. «Егемен-ақпарат».