04 Сәуір, 2015

Міндеттер айқындалды

208 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
06-04-2015-saparbayev 01Кеше Премьер-Министрдің орынбасары Б.Сапарбаевтың төрағалығымен әлеуметтік сала­дағы кең ауқымды мәселелерді талқылау бойынша селекторлық мәжіліс өтті. Оған қатысушылар Отан қорғаушылар күнін мерекелеу бойынша тұжырымдаманың жобасын және іс-шаралар жос­парын талқылады. Аталған құжаттарда мерекені насихаттау, жастар арасында патриоттық сезімдерді күшейтуге қатысты іс-шаралар айқындалған. Ви­це-премьер мемлекеттік орган бас­шыларының назарын жоспар­дың уақтылы және сапалы орындалуы қажеттігіне аударды. Сонымен қатар, мәжілісте жұ­мысшылардың еңбек құ­қық­тарының сақталуы және оған кепілдігі мен жалақыны уақтылы беру мәселелері қарастырылды. Облыс басшыларының қатысуымен өткен селектор барысында еңбек­ақыны уақтылы төлемей отырған кәсіпорындар нақты аталып, жұмысы талқыға түсті. Б.Сапарбаев мүдделі мем­лекеттік органдарға еңбекақы жө­нінде берешектікті жою бойынша  тиісті шараларды қабыл­дауды тапсырды. «Басты мақсат – әлеуметтік шие­леністі туғызбау, деді Вице-премьер. Әлеуметтік тұрақ­сыз­дыққа жол бермеу мақсатында алдын ала тиісті шаралар қабылдау қажет. Осыған орай мемлекеттік органдардың басшыларына орын алуы мүмкін келеңсіз жағдайларды дер кезінде шешу мақсатында апта сайын қарастыру тапсырылды. Сондай-ақ, мәжілісте қызыл­шаға қарсы жүргізілген екпенің аралық нәтижелері талқыланды. Иммунизация нәтижесінде жарамсыз белгімен 396 адам жү­гініп, 264-і емханаға түскен. Қа­зіргі таңда олардың барлығы сауыққан. Дәрілік, медициналық және медтехникалық құралдарға Ұлттық сараптама жасау орталы­ғының аралық нәтижелеріне сәй­кес оның құрамында ауытқу бай­қалмаған. Соңғы сараптама 20 сәуірге дейін белгілі болып, алдағы уақытта егу жұмыстарын жүргізу қажеттілігі айқындалады. Б. Сапарбаев: «20 сәуірге дейін біз барлық себептерді анықтап, қандай ағаттық кеткенін айқындап, алдағы уақытта сол қателіктерге бой алдырмауды шешуіміз қажет. Егер кінәлілер болса, олар  жазасын алуы тиіс», деді. Сонымен қатар, мәжіліс барысында Ақмола облысының Ка­­лачи және Батыс Қазақстан об­лы­сының Березовка ауыл­дар­ындағы орын алып жатқан жағ­­дайлар талқыланды. Жұмыс тобының жетекшісі, Энер­ге­­тика вице-министрі Т.Ах­самбиев баяндағандай, қазір­­гі таңда Калачи ауылында Ұлт­­тық ядролық орталықтың бір топ мамандары аталмыш өңір­дің экологиялық жағдайын зерт­теу бойынша жұмысты жалғас­тыруда. Вице-министрдің айтуын­ша Прага қаласының радиа­циялық қорғау Ұлттық институты мен Мәскеу қаласының Феде­ралдық медициналық-биология­лық агенттігі жүргізген сарапта­малардың нәтижелері көрсеткендей Калачи ауылы тұрғындарының радондық сәулеленуі мен «ұйқы синдромының» өзара қатысы жоқ. Мәжіліс соңында Б.Сапарбаев Калачи және Березовка ауылдарында орын алып отырған жағ­дайларды анықтау жұмыс­тарын жалғастыруды және ауыл тұрғындарына сапалы меди­циналық қызмет көрсету, эколо­гиялық ахуалды үнемі қадағалап отыруды тапсырды, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.