04 Сәуір, 2015

Словакиялық әріптесімен кездесті

211 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың Словакия Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік хатшысы, ЕО-ның Орталық Азия бойынша Арнайы өкілі қызметінен үміткер Петер Бурианмен кездесуі өтті. Кездесу барысында халық­ара­лық күн тәртібінің кең ауқымды мә­селелері, соның ішінде Қазақстан мен ЕО ынтымақтастығы, көпжақ­ты институттар шеңберінде ықпал­дастығы және Қазақстан-Словакия екіжақты қатынастары дамуының басымдықтары талқыланды. Сұхбаттастар Орталық Азия тұ­рақтылығы мен қауіпсіздігін қам­та­масыз ету ісінде Қазақстан үлесін атап өтті. Ауғанстанды қалпына келтіру жөніндегі халықаралық әрекеттер аясында қауіпсіздік, шекараларда ықпалдастықты күшейту, есірткі тасымалы, адам саудасы, лаңкестік пен экстремизмге қарсы тұру салаларында ЕО-ның Орталық Азия өңірімен ынтымақтастықты жалғастыру қажеттілігі аталып өтті. Осы тұрғыда 11 наурызда Душанбеде өткен қауіпсіздік мәселелері бойынша жоғары деңгейдегі «ЕО-ОА» үнқатысуының 2-ші отырысы мақұлданды. Е.Ыдырысов сауда-эконо­ми­калық және инвестициялық ынты­мақ­тастық туралы сөз қозғап, Қазақ­стан мен ЕО арасындағы сауда айналымы соңғы 10 жылда 13 есе, ал Қазақстан экономикасына тартылған еуропалық инвестициялардың көлемі 10 есе артқанын атап өтті. Қазақстан сауда айналымының және елге тартылған шетел инвес­тицияларының жартысы Еуропа елдерінің үлесіне тиеді. Сонымен қатар, Қазақстан және Словакия арасындағы сауда айналымы көлемінің оң екпіні де атап өтілді. Бүгінде Қазақстан-Словакия қа­ты­настарында жоғары деңгейдегі белсенді сая­си үнқатысулар жиі өтеді, келісімшарттық-құқық­тық база да жетілдірілуде. Соны­мен қатар, парламентаралық ынты­мақ­тас­тықтың жоғары деңгейі мен Эко­номикалық және ғылыми-техни­калық ынтымақтастық бойынша құ­рылған Қазақстан-Словакия парла­ментаралық комиссиясы жұмы­сының маңыздылығы да ерекше атап өтілді. «Егемен-ақпарат».