«100 нақты қадам» бағдарламасының кіріспесі кәсіби мемлекеттік аппарат құру мәселесімен басталыпты. Мұның өзі аталған саланың аса маңыздылығын, таза болуын және қызметтік шеберлік, кәсіби біліктілік жағынан заманауи жетіле түсу қажеттігін аңғартса керек. Негізгі, мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырушы да, қадағалаушы да, сондай-ақ әрбір салада мемлекет атынан сөйлеп, іске кірісетін де мемлекеттік қызметкерлер. Мемлекет тарапынан танылатын құзырлы тұлға немесе құзырлы орын болғандықтан, оларға жүктелетін жауапкершілік те жоғары. Ешқашан мемлекеттің атына кір келтіретіндей заңсыздықтарға, қандай да болмасын олқылықтарға жол бермей, білім-білік, іс-тәжірибе, кісілік көркем мінез жағынан жоғары деңгейде болуы тиіс.
Елбасы бұл үшін «Мемлекеттік қызметке қабылдау ресімдерін жаңғырту» атты 1-қадамда «Мемлекеттік қызметке қабылдау төменгі лауазымдардан басталуы тиіс» деп нақты айтқан. Ол маманның мемлекеттік қызметке кездейсоқ келіп кірісе кетуі емес, сол салада ең төменгі сатыдан бастап қызмет жасап, жұмыстың барлық қыр-сырын, салалық бағдарламаларды меңгеріп, ол бағытта жасалып жатқан жұмыстарға басынан бастап араласып, санасына сіңдіріп, кейін өзі сол жұмысты жетілдіре жасай алатындай әбден пісіп-жетіліп, дайындалуы міндетті екендігін білдіреді.
Расында, бұған дейін бұл бағытта олқылықтардың орын алып келгені жасырын емес, бұл өз кезегінде жұмыстың толыққанды, өз деңгейінде жүзеге аспауына, тіпті, кей жағдайларда тұралап қалуына жол беретіндігі де ақиқат. Сондықтан, Мемлекет басшысы ұсынып отырған жол – мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттырумен қатар, оның сапалы, тиянақты жүзеге асуына, жұртшылық тарапынан мемлекеттік қызметке сенімділік нығая түсуіне бастайтын болады.
Баспасөз беттерінен өз саласының саңлақтары туралы мақалаларды оқып отырсаңыз, өз еңбек жолын қатардағы жұмысшыдан бастап, қызмет сатысымен бірте-бірте көтерілгендігін байқаймыз. Жылдарға созылатын лауазымдық сатыларда маманның кәсіби тұрғыда жетіліп, өмірлік тәжірибе жинақтап, еңбек мектебінен, қоршаған ортадан өз білігін жетілдіре түсетіндігі білінеді. Түптеп келгенде, ол өз саласының білгірі, қолынан іс келетін, сол саланың немесе ұжымның жұмысын шеберлікпен, ұйымдастырушылықпен әрі қарай алып кете алатын деңгейге жетеді.
Әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосылуды межелеп, алдына зор міндеттер мен мақсаттар қойған, бірнеше сүбелі жоспар-жобаларды бағдар еткен тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен келешегі үшін бұл – қажетті тәртіп. Сондықтан, тиісті орындар ортақ келешегіміз үшін жасалған 100 нық қадамды алғашқысынан бастап сенімді, жігерлі, тиянақты, жауапкершілікпен жүзеге асыруға жұмылады деп ойлаймыз.
Ақмарал ЗЕЙІЛОВА,
Маңғыстау облыстық мәдени қызмет көрсету және ғылыми-әдістемелік орталығының директоры.
АҚТАУ.

Иран Ормұз бұғазын қайта жапты
Әлем • Бүгін, 16:58
Министрлік «Қыз Жібек» фильмінің реквизиттеріне қатысты мәлімдеме жасады
Оқиға • Бүгін, 16:42
Жемқорлықпен күрес: Алты жылда 1 000-нан астам шенеунік сотты болды
Қоғам • Бүгін, 16:17
Дзюдодан Азия чемпионаты: Қазақстан қоржыны бесінші медальмен толықты
Спорт • Бүгін, 15:59
Иран әуе кеңістігін ішінара ашты
Әлем • Бүгін, 15:35
Әл-Фараби даңғылында жол ережесін өрескел бұзғандар ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 14:29
Жерде магниттік дауыл басталды
Оқиға • Бүгін, 14:06
Теміржолшыларға баспана: «ҚТЖ» мен «Отбасы банк» жаңа жобаны іске қосты
Қоғам • Бүгін, 13:32
Елордада 17 адамды «қажылыққа жіберемін» деп алдаған алаяқ жазаланды
Оқиға • Бүгін, 13:09
Бітімгерлердің БҰҰ миссиясына дайындығы тексерілді
Қоғам • Бүгін, 12:48
Түркияда мектепке шабуыл жасамақ болған топ ұсталды
Әлем • Бүгін, 12:32
Соңғы үш айда құқықбұзушылық саны 15,1 пайызға азайды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:10