04 Сәуір, 2015

Елбасына дауыс беру – ел ертеңі үшін дауыс беру

376 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
сайлау-кішісіКеше, 3 сәуір – Алматыға сапарларының екінші күні Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат Нұрсұлтан Назарбаевтың Республикалық қоғамдық штабының (РҚШ) мүшелері ғылыми және шығармашыл интеллигенция, ардагерлер ұйымдары мен патриоттық клубтардың өкілдерімен, қала кәсіпкерлерімен кездесіп, сондай-ақ, «Инновациялық технологиялар паркі» еркін экономикалық аймағында болды. Алматының зиялы қауымы Ел­ба­сының бас­шылығымен еліміз тек үлкен эконо­микалық табыстарға қол жеткізіп қана қоймай, өзінің басты рухани құн­ды­­лықтары – халық арасындағы дос­тық­­ты, тағаттылықты, бейбітшілік пен ке­лі­сімді сақтай алғанын атап көр­сетті. «Бүкіл ғылыми қоғамдастық Нұр­сұлтан Назарбаевтың бағытын қол­дай­ды», – деп атап айтты сөз сөйлеген кезінде Қазақстан Ұлттық ғылым ака­де­миясының президенті Мұрат Жұ­рынов. Өз кезегінде Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры Тілектес Ес­по­лов тек соңғы бес жыл ішінде ғана Мемлекет басшысының қолдауы нәти­же­сінде отандық ғылымды қаржылан­дыру екі есе өскенін көлденең тартты. Бұдан бөлек, мемлекеттің білім беру саласына бөлген қаржысы айтарлықтай артты. «Нәтижесінде аталған саланы дамыту индексі бойынша Қазақстан әлемдік көшбасшы елдер қатарына кіріп отыр», – деп қосты Т.Есполов. Кездесу кезінде Қазақстан Жа­зу­шылар одағының төрағасы Нұрлан Оразалин де сөз сөйледі. Ол қазіргі кезеңді шығармашылық адамдары үшін алтын кезең деп есептейді.  Өйткені, олар дана көшбасшысы мен жұдырықтай жұмылған халқы бар жас, ырғақты даму үстіндегі және қуатты мемлекетті жеке сезіне отырып,  өздерінің шығармаларына арқау етудің тамаша мүмкіндігіне ие. Қазақстандық академик Сұлтан Сартаев кездесу кезінде елге жиі шы­ғып тұратынын, барлық жерде құры­лыс крандарын көретінін айтты. Бұл, ғалымның пікірінше, Қазақстанды қазірдің өзінде алдыңғы қатарлы өңірлік державалардың қатарына қосқан Президенттің дана саясатының басты нәтижелерінің бірі. Атақты әнші Әлібек Дінішев Нұрсұлтан Назарбаев отандық мәдениет пен өнерді дамыту үшін өте көп нәрсе жасағанын атап өтті. Бұған бүкіл еліміз бойынша ашылып жатқан жаңа театрлар жарқын айғақ болып табылады. РҚШ мүшелері барған келесі жер «Ин­новациялық технологиялар паркі» еркін экономикалық аймағы болды. 2011 жылдан бері аталған арнайы эконо­микалық аймаққа қатысушылар 2 мың­нан астам адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отырса, ол 150 инновациялық кәсіпорынның басын біріктіреді. Өткен жылы мұнда өндірілген өнім көлемі 10,5 миллиард теңгені, ал төлеген салық көлемі 2,4 миллиард теңгені құрады. Жас жаңашылдар Нұрсұлтан На­зар­баевқа қазақстандық әзірлеуші-ға­лымдарға өздерін көрсетуге мүмкіндік берген инновациялық технологиялар паркін құрғаны үшін ризашылықтарын білдірді. Атап айтқанда, Мемлекет басшы­сы­ның тапсырмасы бойынша құрылған Халықаралық ақпараттық технологиялар университетіне басшылық жасайтын жас ғалым Дамир Шинабеков Нұрсұлтан Назарбаев болашақтың экономикасына берік негіз қалағанын мәлімдеді. «Ақ­параттық технологиялар паркі, жаңа буын­дағы ғылыми зертханалардың желісі, «Назарбаев Университет», Назар­баев зияткерлік мектептері – осы­ның барлығы Елбасының туындылары болып табылатын серпінді жобалар, енді бұлар елімізді әлемдегі жетекші инновациялық мемлекеттер қатарына қосатын болады», – деп атап көрсетті Дамир Шинабеков. Кәсіпкерлікті жаңадан бастап жүрген Эдуард Югай инновациялық технологиялар паркінің арқасында өз ісін бастаған. Ол жоғары технологиялық құрал-жабдықтарды дайындаумен айналысады және алғашқы пайдасын алып та үлгерген. Осы үшін ол Нұрсұлтан Назарбаевқа шын жүректен шыққан ризашылығын білдірді. Кездесуге қатысушылар, тұтастай алғанда, 26 сәуірде өтетін пре­зиденттік сайлауда Нұрсұлтан Назар­бае­втың кандидатурасын қол­дайтындарын айтты. Сөйтіп, кездесуге қатысушылар Нұрсұлтан Назарбаевқа дауыс бере отырып, еліміздің өркендеуі, бірлігі, бейбітшілік пен келісім үшін дауыс беретіндерін атап көрсетті. Қанат ЕСКЕНДІР, «Егемен Қазақстан». АЛМАТЫ.