19 Қазан, 2015

Таразда мүмкіндігі шектеулі жандар арасында спартакиада өтті (фото)

902 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
19 10 - spartakiada 1 ТАРАЗ. 19 қазан. Тараз қаласында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған дене мүмкіндігі шектеулі жандар арасында спартакиада өтті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Спартакиаданың басты мақсаты – мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және жүйелі түрде спортпен шұғылдануға тарту, бұқаралық спорт түрлерін дамыту, паралимпиялық, паралимпиялық емес және сурдлимпиялық спорт түрлерін дамыту болды. Жарысқа Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру спорт басқармасы басшылық етіп, «Болашақ мектебі», «Дос-Тараз», №1 Қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйі, №2 Қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйі, «Ақыл- есі кем балаларға арналған интернат үйі»  «Спешиал Олимпикс», «Жамбыл облыстық мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығы», «Жастар қоғамы», «Соқырлар қоғамы», «Ақыл- ойы дамуында кемістігі бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернатының тәрбиеленушілері, бас-аяғы 143-ке жуық  азамат қатысты. Спартакиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері Тараз қаласы әкімдігінің дене шықтыру және спорт бөлімінің медальдарымен және «Тараз қалалық мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігі тарапынан естелік сыйлықтарымен марапатталды. Бас демеуші Kcell АҚ бірлестігі әр жеңімпаз бен жүлделі орын иеленген азаматтарға бір ұялы телефоннан сыйға тартты. Оралхан Дәуіт. Дерек, сурет: egemen.kz. 19 10 - spartakiada 2

19 10 - spartakiada 3

19 10 - spartakiada 4