04 Сәуір, 2015

Мемлекет және кәсіпкерлік қызмет

325 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
«Ақ жол» мемлекеттің кәсіп­керлік қызметке қатысуын шектеу бойынша заңын қолдайды жә­не мейлінше қуаттайды. Бұл жө­нінде заң жобасының бірінші оқы­лы­мының барысында партия төрағасы Азат Перуашев мәлім­дегенін еске түсірейік. Мәжіліс ол бойынша жұмысты аяқ­тады – заң жобасы екінші оқылымда қа­был­данды. Мәжілістің пленарлық отырысында оны талқылау барысында «Ақ жол» ҚДП парламенттік фракциясының атынан Екатерина Никитинская сөз сөйледі. Ол заң жобасының өзектілігі мем­ле­кеттің соңғы он жылда экономикаға қаты­суының ретроспективалық талдауы­мен дәлелденді, ол жөнінде заң жобасын бірінші талқылау барысында егжей-тег­жейлі айтылды деп атап өтті. «Бизнестің қатысы бар және «Yel­low Pages Rule» ұстанымдары заң­намамен бекітілген экономиканың салаларында мемлекеттің қатысу үлесін қысқартуға бағытталған әзірлеушілердің ұсынғандарынан тыс, заң жобасымен жұмыс істеу барысында депутаттармен қойылған міндеттерді іске асыруға ықпал ететін елеулі ұстанымдар енгізілді», деп атап өтті Е.Никитинская. Мысал ретінде ол еншілес және бас компаниялардың акцияларымен тоғыспалы иеленуіне тыйым салу, көпшілік компаниялар үшін акциялармен өзара иемденуге 10 пайыздық шек енгізу, көпшілік компаниялар үшін ішкі аудит қызметін міндетті түрде құру бо­йынша нормаларын келтірді. Оның пікірі бойынша, бүгінгі күнде бұл тәсілдемелерді миноритарлық акционерлерді арнайы қолдау тетіктер ретінде іске асырудың маңыздылығы келесімен байланысты: жекешелендірудің екінші толқынының және «Халықтық IPO» аясында өткен жылы «KEGOC» АҚ-ты қор нарығына шығару іске асырылды, ал 2015 жылы «Самұрық-Қазына» қоры топтарының 17 активін, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ, «Алматинские электрические станции» АҚ, «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС, «Тегіс Мұнай» ЖШС сияқты ірі компанияларын қоса алғанда және т.б сатуға шығару жоспарланып отыр. «Мәжіліс депутаттарымен енгізілген нормалар отандық іскерлік практикасында лизингті пайдалану мүмкіндіктерін де едәуір кеңейтеді, – деп санайды ақ­жол­дықтар. – Өйткені, негізгі қорларды жаңар­ту – отандық өндірістің ең «осал жерінің» бірі. Оның үстіне, 40 пайыз импорт тура осы жабдықтардың үлесіне келеді. «Ақ жол» депутаттары тарапынан көтерілген мемлекеттік қатысумен жаңа кәсіпорындарды құруға тыйым салу­ды енгізу туралы мәселе де өзінің шеші­мін тапты. Мәселен, заң жобасын­да, депутаттардың ұсыныстары бойын­ша, шағын бизнес саласында квази­мем­лекеттік құрылымдарды құруға тыйым салу белгіленді және мемлекеттік кәсіпорындар үшін еншілес және тәуелді ұйымдар құру бойынша шектеулер қарас­тырылған. Одан басқа, әзірлеушілермен банк­роттық өндірісте тұрған кәсіпорындардың микроқаржы ұйымдарында несиелеуді іске асыруға мүмкіндік беретін ұстанымдары алынып тасталды. «Қойылған міндеттердің іске асырылуы себепті, «Ақ жол» партиясының фракциясы бұл құжатты Қазақстан экономикасы дамуының нарықтық жолының сақталуының маңызды факторы ретінде қағидатты тұрғыдан қолдайды және мейлінше қуаттайды», деп мәлімдеді Е.Никитинская және депутат-әріптестерін заң жобасын екінші оқылымда қолдауға шақырды. Асқар Тұрапбайұлы, «Егемен Қазақстан».