М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты өткізген қазақ фольклористикасы туралы халықаралық конференция академик Сейіт Қасқабасовтың мерейтойына орайластырылды.
«Ғылым ордасы» кіші мәжіліс залының бір қабырғасын тұтас алып жатқан кітап көрмесі бүгінде халық мұрасының шырақшысы, бабалар сөзінің баһадүрі атанған аса ірі фольклорист ғалымның шығармашылығына арналыпты. Қырық жылдық еңбектің қормал қордасындай. Академиктің барлық дерлік ғылыми шығармалары, ғалым хақындағы өмірбаяндық дереккөздері. Оның редакциясымен шыққан еңбектер. Сейіт Асқарұлының өз замандастары туралы толғаған толымды туындылары. Зейнолла Қабдолов, Рымғали Нұрғалиев, Ақселеу Сейдімбеков секілді тұлғалармен бірге түскен жәдігер суреттер. Осының бәрі ғибратты ойларға жетелейтіндей.
Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, атақты ғалым туралы алғашқы сөзді Әдебиет және өнер институтының директоры, ҰҒА корреспондент-мүшесі Уәлихан Қалижанов айтты. Сейіт Қасқабасовтың дарынды ғалымдығымен қоса ғылымдағы қарымды ұйымдастырушылығы, қайраткерлігі, Алаш арыстарын ақтау кезіндегі ересен еңбегі мен ақжолтай азаматтығы елге мәлім. Фольклортану мектебінің жаңа бағыттағы негізін қалаған адам. 100 томдық «Бабалар сөзі» сериясын шығару әлемде баламасы жоқ ерлік іс деп бағаланды. Осы жобаға жетекшілік еткен Сейіт Қасқабасов Елбасы бастаған «Мәдени мұра» бағдарламасының табысты іске асуына үлкен үлес қосты. Мұның сыртында «Қазақ әдебиеті тарихының» 10 томдығы, әдеби жәдігерлердің 20 томы, М.Әуезов шығармаларының 50 томдық жинағы қайраткер ғалым С.Қасқабасовтың Әдебиет және өнер институтын басқарған кездегі ұлағатынан хабар бергендей.
Конференцияда филология ғылымдарының докторы Кенжехан Матыжанов «Бабалар сөзінің баһадүрі», филология ғылымдарының докторы, профессор Бақытжан Әзібаева «Жаңа көзқарасты ғалым», филология ғылымдарының докторы Нұрдәулет Ақыш «С.Қасқабасов және тәуелсіздік дәуір әдебиеті», филология ғылымдарының докторы Райхан Ерғалиева «Культурологические исследования академика С.Каскабасова» атты тақырыптарда тартымды баяндамалар жасады.
Академик Көпжасар Нәрібаев мерейтой иесіне Ұлттық Ғылым академиясының Құрмет грамотасын табыс етіп, қарапайымдылығын, парасаттылығын тілге тиек еткен жылы лебіз арнады. Сондай-ақ, фольклортану ғылымының көшін бастаушы ғұлама ғалымды әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры, академик Ғалым Мұтанов, Алматы қаласы әкімінің атынан тілдерді дамыту басқармасының басшысы Мамай Ахет, Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының бірінші орынбасары, ақын Ғалым Жайлыбай, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Шериаздан Елеукенов, Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры Әбсаттар Дербісәлі, ақын Шөмішбай Сариев және басқалар құттықтап, фольклор дейтін қиял патшалығы пырағының иығына шапан жауып құрметтеді.
Түстен кейін конференция жұмысы «Фольклортану мен әдебиеттанудың өзекті мәселелері» һәм «Мәдени мұра және өнертану» атты жеке секцияларда жалғасты.
Қорғанбек АМАНЖОЛ,
«Егемен Қазақстан».
Алматы.
Суретті түсірген
Юрий БЕККЕР.

Иран Ормұз бұғазын қайта жапты
Әлем • Бүгін, 16:58
Министрлік «Қыз Жібек» фильмінің реквизиттеріне қатысты мәлімдеме жасады
Оқиға • Бүгін, 16:42
Жемқорлықпен күрес: Алты жылда 1 000-нан астам шенеунік сотты болды
Қоғам • Бүгін, 16:17
Дзюдодан Азия чемпионаты: Қазақстан қоржыны бесінші медальмен толықты
Спорт • Бүгін, 15:59
Иран әуе кеңістігін ішінара ашты
Әлем • Бүгін, 15:35
Әл-Фараби даңғылында жол ережесін өрескел бұзғандар ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 14:29
Жерде магниттік дауыл басталды
Оқиға • Бүгін, 14:06
Теміржолшыларға баспана: «ҚТЖ» мен «Отбасы банк» жаңа жобаны іске қосты
Қоғам • Бүгін, 13:32
Елордада 17 адамды «қажылыққа жіберемін» деп алдаған алаяқ жазаланды
Оқиға • Бүгін, 13:09
Бітімгерлердің БҰҰ миссиясына дайындығы тексерілді
Қоғам • Бүгін, 12:48
Түркияда мектепке шабуыл жасамақ болған топ ұсталды
Әлем • Бүгін, 12:32
Соңғы үш айда құқықбұзушылық саны 15,1 пайызға азайды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:10