Рухани келісім күні құрметіне «Астана Опера» театрының Үлкен залында Дж. Вердидің 200 жылдан бері өмір сүріп келе жатқан өміршең туындысы орындалмақ. Музыкалық қуатымен қайран қалдыратын жарқын шығарма опера өнерінің белгілі шеберлері қатысуымен жүзеге асырылмақ.
Оған айрықша мән беріліп отыруының тағы бір себебі, мұндағы басты партияны Арменияның халық әртісі Барсег Туманян шырқайды. Меццо-сопрано партиясында – қазақстандық көрерменнің сүйікті солисті, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дина Хамзина. Сонымен қатар, әлемдік деңгейдегі басқа да театрлардың спектакльдерінде жетекші партияларды орындаушы Жұпар Ғабдуллина – сопрано партиясында. Мария театрынан шақырылған тенор Михаил Векуа жоғарыда аталған жұлдыздар тізімін түйіндейді. Оның жібектей ескен тамаша дауысына Испания, Франция, Алмания, Норвегия, Нидерланд, Австрия және, т.б. елдердің жұртшылығы етене қанық. Солардың ішінен, әншінің өткен жылы «Астана Опера» сахнасында Р.Вагнердің «Нибелунг сақинасы» тетралогиясынан «Рейн алтыны» операсында Логе партиясын (от құдайы) шырқағанын атап өтуге болады.
Әлемді мойындатқан «Астана Опера» театрының атақты хоры мен симфониялық оркестрі бас хормейстер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан Дәуітов пен белгілі дирижер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдиновтің басқаруымен өнер көрсетуі айшықты кешке айрықша реңк берері сөзсіз.
Еске сала кетейік, «Реквием» алғаш рет 1874 жылдың 22 мамырында ғажайып хордың, оркестрдің және италиялық әншілердің қатысуымен Миланда орындалған болатын. Ол кезде дирижерлік тізгінді Вердидің өзі ұстаған екен. Санаулы күндерден кейін «Реквиемді» миландық «Ла Скала» театры қойса, одан кейін туынды Парижде, Венада, Петербургте һәм басқа қалаларда үлкен табысқа жеткен. Қай жерде болмасын Вердидің айтулы туындысын жұрт ыстық ықыласпен қабылдап, тіпті кей жағдайда жекелеген нөмірлерін қайталап тамашалауды талап ететін болған. Жалпы, бұл «Реквием» В.А. Моцарттың «Реквиемінің» жанында аталған жанрдағы ең жиі орындалатын шығармалардың бірі болып саналады.
Ал «Астана Опера» төрінде музыкалық туынды ерекше күйде орындалады. Өйткені, I Дүниежүзілік рухани келісім конгресінің үндеухатында 18 қазанды Рухани келісім күні, қақтығыстар мен соқтығыстарды тоқтату күні, татуласу жолдарын іздеу, адамдар арасында біріне бірі түсіністікпен қарауды қалыптастыру күні, жақындарына мейірімділік пен көмек көрсету күні деп жариялау туралы шешім қабылданғаны мәлім. Жиырма жылдан бері елімізде үзілмей аталып келе жатқан келісім мерекесімен мұндай ірі туындының сәйкес келуі тегін оқиға болмаса керек.
Қаршыға КҮЛЕН.
АСТАНА.

Елена Рыбакина Штутгарттағы турнирде топ жарды
Спорт • Бүгін, 18:13
Меруерт Өтекешова Баян Алагөзованың камзолы түпнұсқа екенін растады
Қоғам • Бүгін, 17:51
Аңсар Ниетқалиев Гуанчжоудағы ITF J60 турнирінің жеңімпазы атанды
Спорт • Бүгін, 17:07
Дзюдошылар Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 16:52
Almaty Half Marathon: Шетелдік қатысушылар саны бойынша рекорд жаңарды
Қоғам • Бүгін, 16:31
Көшпенділер қалашығында 500 түп ағаш егілді
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:19
Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингінде 33-орынға көтерілді
Қазақстан • Бүгін, 15:23
АИТВ-мен күрес: Ем қабылдап жүргендердің 92%-ында вирустық жүктеме басылған
Денсаулық • Бүгін, 14:56
Астанада қай көшелер жабық тұр?
Елорда • Бүгін, 14:20
Жетісу облысындағы ұлттық саябақта қар барысы көзге түсті
Қоғам • Бүгін, 13:58
Павлодардағы «Қазавиақұтқару» авиациялық базасы толық жаңартылды
Аймақтар • Бүгін, 13:26
Солнечный кентінде жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды
Аймақтар • Бүгін, 12:59
«Таза Қазақстан»: Алматыда 550-ден астам адам сенбілікке шықты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 12:40
Өскеменде есірткі таратумен айналысқан 30 жастағы ер адам ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 12:25
Ашық есік экономикасы: Қазақстанда елге кіру ережелері жеңілдетілді
Қазақстан • Бүгін, 11:58