2017 жылы – «Алаш» ұлт-азаттық қозғалысының 100 жылдығы, ал одан бір жыл бұрын, яғни 2016 жылы сол қозғалыстың негізін қалаушы және жетекшісі, Алашорда үкіметінің төрағасы Әлихан Бөкейханның туғанына 150 жыл толады.
«Алаш» ұлт-азаттық қозғалысының қызметі, жалпы Алаш идеясы – қазақ қоғамын еуропалық жолмен жаңғыртуды басты бағыттарының бірі ретінде ұстанғанын, сол замандағы нақты жағдайларға бейімдеп, ұлттық мемлекеттілікті қалыптастыруға ұмтылғанын жұртшылық байыптап келеді.
Париждегі ЮНЕСКО Атқарушы кеңесінің биылғы жылы қараша айына белгіленген осы ұйымның Бас конференциясында қабылдау үшін жіберген ұсыныстарының ішінде 2016 жылы қоғам және мемлекет қайраткері Әлихан Бөкейханның 150 жылдығын ЮНЕСКО көлемінде атап өту жайы қарастырып отырылғаны осының айғағы.
Бұл – Алаш мұрасын әлемдік деңгейге шығарып насихаттаудың таптырмайтын мүмкіндігі туып тұр деген сөз. Мұның маңызы Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен Қазақ хандығының 550 жылдығы аталып өткен тұста тіпті еселеп арта түседі. Елбасы жария еткен «Мәңгілік Ел» мұраты да Алаш жолын елімізде де, халықаралық деңгейде де зерделей түссек, баянды болатыны күмәнсіз. Елбасы өзінің «Тарих толқынында» атты еңбегінің «Алаш мұрасы және осы заман» атты тарауында: «ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамында зиялы қауым қалыптасуының ұрпақтар эстафетасы сияқты сипаты болғанын атап айтқан абзал», деп көрсеткен болатын.
Сондықтан да «Ақ жол» партиясы Әлихан Бөкейханның 150 жылдығын лайықты деңгейде өткізу жөніндегі Мемлекеттік комиссия құру қажет деп санайды. Оның негізгі мақсаты жәй ғана той тойлаумен емес, ой ойлаумен, артынан із қалатын, танымдық, тағылымдық тұрғыдан ұлтымыздың, мемлекетіміздің рухын көтеретін, қоғамдық санада сілкініс туғызатын мазмұнды шараларды іске асыруды қамтамасыз ету болуы тиіс.
Азат ПЕРУАШЕВ,
Мәжіліс депутаты.

Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингінде 33-орынға көтерілді
Қазақстан • Бүгін, 15:23
АИТВ-мен күрес: Ем қабылдап жүргендердің 92%-ында вирустық жүктеме басылған
Денсаулық • Бүгін, 14:56
Астанада қай көшелер жабық тұр?
Елорда • Бүгін, 14:20
Жетісу облысындағы ұлттық саябақта қар барысы көзге түсті
Қоғам • Бүгін, 13:58
Павлодардағы «Қазавиақұтқару» авиациялық базасы толық жаңартылды
Аймақтар • Бүгін, 13:26
Солнечный кентінде жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды
Аймақтар • Бүгін, 12:59
«Таза Қазақстан»: Алматыда 550-ден астам адам сенбілікке шықты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 12:40
Өскеменде есірткі таратумен айналысқан 30 жастағы ер адам ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 12:25
Ашық есік экономикасы: Қазақстанда елге кіру ережелері жеңілдетілді
Қазақстан • Бүгін, 11:58
Маңғыстау облысында 100-ден астам жылқы қырылып қалды
Аймақтар • Бүгін, 11:47
Елена Рыбакина Штутгарттағы турнирде финалға шықты
Спорт • Бүгін, 10:52
Киевте белгісіз біреу атыс шығарды: 6 адам қаза тапты, 14 адам жарақат алды
Әлем • Бүгін, 10:03
19 сәуірге арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:35
Синоптиктер ескерту жариялады: Бірқатар облыста үсік жүреді
Ауа райы • Бүгін, 09:19
Тұлға • Кеше