17 Қазан, 2015

Шарайна

216 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
Әскери миссияның мерзімі ұзартылды АҚШ президенті Барак Обама Ақ үйде сөйлеген сөзінде америкалық 9,8 мың әскери қызметші Ауғанстанда келесі жылдың соңына дейін қалатынын атап өтті. АҚШ әскерлері Ауғанстаннан биылғы жылы біртіндеп шығарылуы тиіс болатын. Барак Обама, сондай-ақ, АҚШ әскерлерінің Ауғанстандағы миссиясы өзгермейтінін және олар ауған әскерінің терроризмге қарсы күрес жүргізуіне көмектесе беретінін мәлімдеді. Бұған қоса ол өзінің президенттік мерзімі аяқталғанға дейін АҚШ бұл елде 5,5 мыңдай әскер ұстайтынын да жеткізді. Америкалық әскерилер Кабул қаласының солтүстігіндегі Баграм базасында, елдің оңтүстігіндегі Жалалабад қаласында және оңтүстіктегі Кандагар ауданында орналасқан. АҚШ әскерилері негізінен ауған әскерлерін бүгінде ықпалы артып бара жатқан «Талибан», «Әл-Каида», «Ислам мемлекеті» экстремистік ұйымдарымен күреске дайындайды. Президенттің айтуынша, әскерді қалдыра тұру шешімі ұлттық қауіпсіздік саласына қатысты сарапшылармен және Ауғанстан билігі өкілдерімен кездесе отырып қабылданған. Қауіпсіздік кеңесіне уақытша мүше болды шарайна-1Украина, Египет, Жапония, Сенегал және Уругвай мемлекеттері БҰҰ-ның он бес елден тұратын Қауіпсіздік кеңесіне уақытша екі жылғы мүше болып сайланды. Бұл елдердің ешқайсысына бәсекелестер болған жоқ. Украина Қауіпсіздік кеңесінде Шығыс Еуропа елдерінің атынан сөйлейтін болады. Осы мемлекеттерге берілген екі жылдық мандат 2016 жылдың 1 қаңтарынан басталады. Олар Қауіпсіздік кеңесіндегі мандаты аяқталатын Литва, Иордания, Нигерия, Чад және Чилиді алмастырады. БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі вето қою құқығы бар бес елден және он төрт тұрақты емес мүше елдерден тұрады. Вето қоюға құқылы мемлекеттер – АҚШ, Қытай, Ресей, Ұлыбритания және Франция. Хакерлік шабуылы үшін айыпталды шарайна-2Малайзия билігі АҚШ әділет министрлігінің сұрау салуы бойынша Косово азаматы Ардид Феризиді ұстап берді. Ол америкалық әскери қызметшілер туралы мәліметтерді «Ислам мемлекеті» террористік топтарына беру мақсатында хакерлік шабуылдар жасады деп айыпталып отыр. Малайзия полициясының басшысы Халид Әбу Бакардың айтуынша, 20 жастағы Ардид Феризи 15 қазан күні Куала-Лумпурда тұтқындалған. Құқық қорғау органдарының мәліметтеріне қарағанда, косоволық азамат Сириядағы «Ислам мемлекетінің» жетекшілерімен байланысты болған. Ал АҚШ-тың әділет министрлігі Феризиді косоволық хакерлер тобының жолкөрсетушісі деп санайды. Ол АҚШ-та орналасқан компаниялардың компьютерлік жүйелерін бұзып, 1351 адамның жеке ақпараттарын ұрлаған сияқты. Олардың ішінде америкалық мемлекеттік қызметшілер мен әскерилер де бар. Бұрынғы премьер-министр қамауға алынды Молдовада елдің бұрынғы премьер-министрі, қазіргі кезде жергілікті парламенттің депутаты Влад Филат қаржы ұрлығына қатысы бар деген күдікпен үш тәулікке қамауға алынды. Бұл туралы «Интерфакс» агенттігі хабарлады. Сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі ұлттық орталығы баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, депутатты бас прокуратураның ордері негізінде парламент ғимаратында ұстаған. Оған банк жүйесінен сыбайласу арқылы ақша шығарды деген айып тағылып отыр. В.Филаттың ұсталуына байланысты министрлер кабинетінің төрағасы Валерий Стрелец түсінік беруге мәжбүр болды. Себебі, бұл екеуі Либерал-демократиялық партиясының мүшесі болып табылады. В.Стрелец осы мәселеге байланысты өзінің отставкаға кетпейтінін, ал партиялас серігі өзінің кінәсіздігін дәлелдеп шығуға сенімді екенін атап өткен. Саяси үдерістерді бастауға шақырды [caption id="attachment_2926" align="alignleft" width="267"]Mideast Syria Mideast Syria[/caption] Франция президенті Франсуа Олланд Сирия жанжалына Ресейдің араласуы Башар Асадтың президенттік қызметте қалуына көмектесе алмайды, деп мәлімдеген. Ол мұны Брюссельде Еуропалық одақ саммитінің қорытындысында айтқан. «Ресей белгілі бір уақытқа дейін билеуші режімге қолдау көрсете алады, бірақ, Сирияда Асадтың саяси болашағы жоқ», – деп атап өткен Ф.Олланд. Сонымен қатар, ол ресми Дамаск өкілдерінің қатысуымен араб республикасының жаңа басшысын сайлау бойынша саяси үдерістерді бастауға шақырды. Франция басшысы, сондай-ақ, Сирияға қатысты дипломатиялық іс-әрекетті үйлестіруді Франция, Ұлыбритания және Германия өздеріне алатындығын атаған. Қысқа қайырып айтқанда: * Палестиналықтар Иордан өзенінің батыс жаға­лау­ын­­да еврей храмын өртеген. Оқиға Палестина халқы мен Израиль қауіпсіздік күштері арасындағы жанжалдың қыз­­ған шағында болып отыр. * Қырғызстанның Бішкек маңындағы Дордой ауданы аумағында Шу облысындағы түрмеден қашқан қылмыскерлердің бірі – Азамат Мұсуралиевтің көзі жойылды. *Австралияның кеден қызметі жалпы салмағы 70 тоннаны құрайтын контрабандалық темекі шикізатын тәркіледі. Тәркіленген тауар шамамен 30 миллион долларға бағаланады екен. * Нигерияның Майдагури қаласындағы мешітте бол­ған екі жарылыстан 40-тан астам адам құрбан болды. Жарылысты террорист-жанкешті жүзеге асырған. Интернет материалдары негізінде әзірленді.