АСТАНА. 5 шілде. Шымкент қаласында бұзақылар бір әйелді таспен атқылап өлтірді. Бұл туралы tvk телеарнасы хабарлады.
Кісі өлтіру дерегі шілденің алғашқы күнінде, қаладағы 11 шағын ауданында тіркелді. Хабарламада қаза тапқан азаматшаның үстінде киімінің болмағаны айтылды. Полицейлер марқұмның киімдері мен аяқ киімі оқиға орнына жақын маңнан тапқан.
Таяу маңдағы үйлердің тұрғындары күдік туғызатын ешқандай да дыбыстың естілмегенін айтады. Оларды таңғы уақытта тәртіп сақшылар оятыпты. Телеарна таратқан дерекке сүйенсек, тәртіп сақшылары жақын маңда орналасқан мекемелердің бейнебақылау камераларын тексерген. Алайда, оларда оқиға қатысты кадрлар табылмаған. Сонымен қатар, жедел уәкілдер оқиға болған маңда орналасқан сауна қызметкерлерінен де жауап алған.
Қаза болған әйелдің аты-жөнінің анықталғаны туралы мәлімет жоқ. Оның оқиға болған аумақта өмір сүргені жайлы айтылады. «Өлтірілген әйел 30-35 жастарда, шашы қара түсті. Ол көк жейде және шолақ шалбар киген – гүлді банттары бар ақ балеткасы бар. Мүмкін біреулер осы оқиғаны көрген шығар, оларды полицияға хабар беруге шақырамыз», – делінген телеарна хабарламасында.
Талғат Райымбек.
Дерек, сурет: tengrinews.kz.
• 05 Шілде, 2015
Шымкентте бұзақылар бір әйелді таспен атқылап өлтірді

Иран Ормұз бұғазын қайта жапты
Әлем • Бүгін, 16:58
Министрлік «Қыз Жібек» фильмінің реквизиттеріне қатысты мәлімдеме жасады
Оқиға • Бүгін, 16:42
Жемқорлықпен күрес: Алты жылда 1 000-нан астам шенеунік сотты болды
Қоғам • Бүгін, 16:17
Дзюдодан Азия чемпионаты: Қазақстан қоржыны бесінші медальмен толықты
Спорт • Бүгін, 15:59
Иран әуе кеңістігін ішінара ашты
Әлем • Бүгін, 15:35
Әл-Фараби даңғылында жол ережесін өрескел бұзғандар ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 14:29
Жерде магниттік дауыл басталды
Оқиға • Бүгін, 14:06
Теміржолшыларға баспана: «ҚТЖ» мен «Отбасы банк» жаңа жобаны іске қосты
Қоғам • Бүгін, 13:32
Елордада 17 адамды «қажылыққа жіберемін» деп алдаған алаяқ жазаланды
Оқиға • Бүгін, 13:09
Бітімгерлердің БҰҰ миссиясына дайындығы тексерілді
Қоғам • Бүгін, 12:48
Түркияда мектепке шабуыл жасамақ болған топ ұсталды
Әлем • Бүгін, 12:32
Соңғы үш айда құқықбұзушылық саны 15,1 пайызға азайды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:10