ҚОСТАНАЙ. 22 мамыр. Қостанай облысында энергетиканы баламалы түрде өндіруді және жаңғыртуды дамыту жөніндегі 2015-2020 жылдар арлығына арналған шаралар жоспары облыстық мәлихатында бекітілді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Жоспар Қазақстан Үкіметінің электр энергиясы көздерін жаңғырту жөніндегі 106 жоба енгізілген қаулысы бойынша жасалған. Онда 2 жоба Қостанай облысы өңірінде желмен өндірілетін электр стансасын салуға арналған. Бұл электр сстансалары Арқалық қаласы маңы мен Меңдіқара аудандарында салынатын болады. Облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы бастығының міндетін атқарушы Хайдар Қамбаров: «Арқалық маңындағы 48 МВт қуаттылығы бар жел электрстансасының құрылысын «KazWindEnergy» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізеді. Ол аумақтық Индустрияландыру картасына кіреді. Ал Меңдіғара ауданында орналасатын 30 МВт қуаттағы стансаны облыс әкімдігімен ынтымақтастық тоуралы келісімі бар «EcoWind Ltd» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі салатын болады», деді.
Бұлардың сыртында Қостанай облысында бір желэлектрстансасының құрылысы түспек. Ол Сарысу ауданында болады. Сағатына 1,5 МВт қуатта жұмыс істейтін станса мемлекеттік бағдарламаға кірмейді. Өйткені Үкімет қаулысымен бекітілген жоғарыдағы жоспарда тек 5 МВт қуаттылығы бар желэлектрстансалары ғана қамтылған. Хайдар Қамбаровтың айтуынша, электр энергиясының тапшылығы білінетін Қостанай облысында бұл желмен өндірілетін электр стансалары сырттан электр энергиясын тасымалдауды азайтуға септігін тигізетін болады.
Нәзира Жәрімбетова.
Дерек, сурет: egemen.kz
• 22 Мамыр, 2015
Қостанай облысында 3 жел электр стансасы салынатын болады

Ауа райы • Бүгін, 17:55
Жасөспірімдер арасындағы бала туу деңгейі неге жоғары?
Қоғам • Бүгін, 17:28
Иран Ормұз бұғазын қайта жапты
Әлем • Бүгін, 16:58
Министрлік «Қыз Жібек» фильмінің реквизиттеріне қатысты мәлімдеме жасады
Оқиға • Бүгін, 16:42
Жемқорлықпен күрес: Алты жылда 1 000-нан астам шенеунік сотты болды
Қоғам • Бүгін, 16:17
Дзюдодан Азия чемпионаты: Қазақстан қоржыны бесінші медальмен толықты
Спорт • Бүгін, 15:59
Иран әуе кеңістігін ішінара ашты
Әлем • Бүгін, 15:35
Әл-Фараби даңғылында жол ережесін өрескел бұзғандар ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 14:29
Жерде магниттік дауыл басталды
Оқиға • Бүгін, 14:06
Теміржолшыларға баспана: «ҚТЖ» мен «Отбасы банк» жаңа жобаны іске қосты
Қоғам • Бүгін, 13:32
Елордада 17 адамды «қажылыққа жіберемін» деп алдаған алаяқ жазаланды
Оқиға • Бүгін, 13:09
Бітімгерлердің БҰҰ миссиясына дайындығы тексерілді
Қоғам • Бүгін, 12:48