ПЕТРОПАВЛ. 22 мамыр. Облыс орталығында «Балабақша-мектеп-колледж-жоғарғы оқу орны» жүйесінде қазақ тілін үздіксіз деңгейлеп оқытудың жаңа моделі» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция екі күнге жалғасып, еліміздің әр түкпірінен 500-ден астам қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері жиналды. Бұл туралы облыстық білім басқармасының мамандары хабарлады.
Алқалы басқосу М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде салтанатты жағдайда ашылып, облыс әкімінің орынбасары Анархан Дүйсенова қатысушыларды құттықтады.
Білім және ғылым министрлігі мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаментінің бас сарапшысы Роза Баттал өз сөзінде қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың сапасын арттырудың маңызды мәселелерін ортаға сала келіп, республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясының басты мақсаты оқытушыларды білім берудегі жаңалықтармен таныстыруды, қазақ тілін үздіксіз оқыту стандартының бірегей жүйесін қалыптастыруды діттейтінін жеткізді.
Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Фаузия Оразбаеваның, Л. Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық университеті қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры Сағымбай Жұмағұловтың, СҚМУ жанындағы Тілдер институтының директоры Жанар Таласпаеваның, Алматы қаласындағы А. Розибақиев атындағы мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлнәр Мәсімованың, Қарағанды қаласы білім бөлімінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің әдіскері Гүлзат Аймағанбетованың, Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Қ. Байсықов атындағы мектептің орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бағдагүл Ізбасарованың, тағы басқаларының баяндамалары тыңдалып, тренингтер, секциялық мәжілістер, шеберлік сыныптары, коучингтер өтті.
Бүгінде Қазақстанда қазақ балаларының 87 пайызы ана тілінде, өзге ұлттардың 36 мыңдай балалары мемлекеттік тілде білім алады.
Өмір Есқали.
Дерек: Солтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасы.
Сурет: egemen.kz

«Болашақ ойындары-2026» турнирі қашан өтеді?
Технология • Бүгін, 14:47
Президентке AI Research University тұжырымдамасы таныстырылды
Президент • Бүгін, 14:30
14 өңірде Tomorrow School мектептерінің желісі ашылды
Технология • Бүгін, 14:18
Президент Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығын аралап көрді
Президент • Бүгін, 14:08
Қызылорда облысында ауылды су басу қаупі сейілді
Су тасқыны • Бүгін, 13:48
Үсік жүріп, қар жаууы мүмкін: Қазақстанда күн суытады
Ауа райы • Бүгін, 13:30
Мұхтар Шахановтың есімін Алматы көшелерінің біріне беру ұсынылды
Тұлға • Бүгін, 13:14
Халқымен қайта қауышқан қайраткер
Тұлға • Бүгін, 12:59
Атырау облысындағы отбасының өлімі: Күдікті туыстарын бірнеше ай бойы кезекпен өлтірген
Қылмыс • Бүгін, 12:58
Мирас • Бүгін, 12:55
Шымбұлақ пен Ой-Қарағай курорттары аспалы жол арқылы біріктіріледі
Үкімет • Бүгін, 12:39
Қазақстан квотасымен шетелдіктерді қажылыққа апарғандар жауапқа тартылады
Қоғам • Бүгін, 12:35
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18 пайыз деңгейінде сақтап қалды
Бюджет • Бүгін, 12:30
«Тобыл» клубының бас бапкері ауысты
Футбол • Бүгін, 12:18
Қазақстанда 19 шілдеден бастап бірыңғай QR-төлем жүйесі енгізіледі
Бюджет • Бүгін, 12:08