АСТАНА. 3 сәуір. Бүгін Астанада Қазақстан футбол федерациясының кезекті ХІІ конференциясы өтті. Жиын барысында келесі маусымнан бастап футболдан Қазақстан премьер-лигасында 14 команда ойнайтыны белгілі болды. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
Федерация президенті Ерлан Қожағапанов осы мәселеге арнайы тоқталып: «Келесі маусымнан бастап премьер-лига қайтадан екі айналым жүйесіне көшіп, онда 14 команда ойнайтын болады. Осыған қатысты атқарушы комитетке арнайы тапсырмалар жүктеледі», – деді.
Сонымен қатар, басқосуда футбол қауымдастығының қазақстандықтарға бағытталған үндеуі қабылданды. Үндеуде: «Бүгінде елімізде 700 мыңнан астам адам, оның ішінде 386 мың бала тұрақты түрде футболмен айналысады. Төрт миллионнан астам адам бос уақытын спортқа арнайды. Бұл көрсеткіш жылдан жылға артып келеді. Қазақстанда футбол инфрақұрылымы салынып, футбол алаңдары ашылды. Стадиондар мен спорттық-сауықтыру кешендері салынуда», – делінген.
Конференцияға қатысушылар отандық спорттың Елбасының тікелей қолдауымен дамып отырғанын айтты.
Еламан Қоңыр.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: prosportkz.kz.
• 03 Сәуір, 2015
Футбол. Келесі маусымда отандық премьер-лигада 14 команда ойнайды

Қазақстанда инвесторлар үшін жеңілдетілген визалық режим сақталады
Қоғам • Бүгін, 09:05
Ақсу ферроқорытпа зауытында жұмысшы қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 08:27
Білім ошағындағы бірегей думан
Мектеп • Бүгін, 08:00
Педагогтерді аттестациялау жүйесі жаңартылады
Білім • Кеше
Атырау облысында жер учаскелері мемлекетке қайтарылды
Аймақтар • Кеше
Атом энергетикасы саласы: Ұзақ мерзімді бағдар айқындалды
Энергетика • Кеше