АСТАНА. 3 сәуір. ФИФА (FIFA) футболдан 2018 жылғы әлем чемпионатының Ресейде өтуіне қарсы болған АҚШ сенаторларының хатын қанағаттандырмады. Бұл туралы lenta.ru хабарлады.
ФИФА-ның коммуникация бойынша директоры Делии Фишер осы мәселеге қатысты ақпарат құралдарына хат жолдады. Онда саяси қақтығыстар үшін спорттық шараларға байкот жариялау тиімді шешім еместігі айтылған. Сондай-ақ, хатта: «Мұндай деңгейдегі жарыстар көзқарастары қайшы тараптардың саяси диалог өткізуіне мүмкіндік береді. Соның ішінде футболдан әлем чемпионатының маңызы қандай екенін бәріміз білеміз. Сондықтан ФИФА 2018 жылы Ресейде өтетін әлем чемпионаты осы мақсатта пайдалы болады деп санайды», – делінген.
Айта кетейік, осыған дейін АҚШ-тың 13 сенаторы ФИФА президенті Йозеф Блаттерге хат жазып, әлем чемпионатының Ресейде өтуіне қарсылық білдірген. Бұл АҚШ саясаткерлерінің бірінші қарсылықтары емес. 2014 жылдың наурызында сенаторлар Марк Кирк пен Дэн Коатс Ресейдің доп додасын өткізуге лайық емесін айтып, Блаттерге хат жолдаған. Алайда, ол кезде де қарсы жауап берілді.
АҚШ сенаторларынан бөлек, кейбір құрамалардың жаттықтырушылары мен белгілі саясаткерлер де аталған мәселеге қатысты қарсы пікір білдіргенін айта кетейік. Десек те, ФИФА оларға жауап ретінде өз шешімін өзгертпейтінін айтып отыр.
Еламан Қоңыр.
Дерек, сурет: lenta.ru.
• 03 Сәуір, 2015
ФИФА АҚШ-тың Ресейге қарсы сенаторларына жауап берді

Қазақстанда инвесторлар үшін жеңілдетілген визалық режим сақталады
Қоғам • Бүгін, 09:05
Ақсу ферроқорытпа зауытында жұмысшы қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 08:27
Білім ошағындағы бірегей думан
Мектеп • Бүгін, 08:00
Педагогтерді аттестациялау жүйесі жаңартылады
Білім • Кеше
Атырау облысында жер учаскелері мемлекетке қайтарылды
Аймақтар • Кеше
Атом энергетикасы саласы: Ұзақ мерзімді бағдар айқындалды
Энергетика • Кеше