Кеше Үкімет үйінде Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Еуропалық одаққа қатысушы елдердің дипломатиялық өкілдіктерінің басшыларымен кездесу өткізді, деп хабарлады Үкімет басшысының баспасөз қызметі.
Кездесу барысында Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) қалыптасуындағы әлдеқайда маңызды оқиғалар мәселелері және Қазақстан Республикасының жаңа шарттардағы даму перспективалары талқыланды.
Одақ жұмыс істеп келе жатқан сәттен бастап басты оқиғалардың бірі Армения Республикасының ЕАЭО-ға мүшелігі, Қырғыз Республикасының ЕАЭО туралы шартқа қосылу үдерісі, Вьетнаммен еркін сауда аймағын құру болды.
Бақытжан Сағынтаев Қырғыз Республикасының ЕАЭО-ға қосылуы өзара сауда қатынастарын дамыту және Орталық Азия өңіріндегі кооперацияны дамыту үшін маңызды қадам болып табылатынын баса айтты. Оған қоса, ЕАЭО елдері мен Вьетнам арасында еркін сауда аймағын құру туралы келісімге қол қою отандық өндірушілерге жаңа перспективалар ашады, олар Вьетнам нарығында өз орындарына ие бола алады.
Жалпы, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары ЕАЭО аясындағы келісімдер тұғырнамасындағы Қазақстанның энергетика, көлік, фармацевтика салаларының даму, Еуропа мен Азия арасындағы «байланыстырушы көпір» ретіндегі республиканың мүмкіндіктерін жүзеге асыру перспективаларын атап өтті.
Еуропалық одақ елдерінің дипломатиялық миссия өкілдері қазіргі уақытта Қазақстанда «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында өткізіліп жатқан реформалар, Астанадағы ЭКСПO-2017 көрмесінің инфрақұрылымы базасында Халықаралық қаржы орталығын құру перспективалары туралы ақпараттандырылды.

Жасөспірімдер арасындағы бала туу деңгейі неге жоғары?
Қоғам • Бүгін, 17:28
Иран Ормұз бұғазын қайта жапты
Әлем • Бүгін, 16:58
Министрлік «Қыз Жібек» фильмінің реквизиттеріне қатысты мәлімдеме жасады
Оқиға • Бүгін, 16:42
Жемқорлықпен күрес: Алты жылда 1 000-нан астам шенеунік сотты болды
Қоғам • Бүгін, 16:17
Дзюдодан Азия чемпионаты: Қазақстан қоржыны бесінші медальмен толықты
Спорт • Бүгін, 15:59
Иран әуе кеңістігін ішінара ашты
Әлем • Бүгін, 15:35
Әл-Фараби даңғылында жол ережесін өрескел бұзғандар ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 14:29
Жерде магниттік дауыл басталды
Оқиға • Бүгін, 14:06
Теміржолшыларға баспана: «ҚТЖ» мен «Отбасы банк» жаңа жобаны іске қосты
Қоғам • Бүгін, 13:32
Елордада 17 адамды «қажылыққа жіберемін» деп алдаған алаяқ жазаланды
Оқиға • Бүгін, 13:09
Бітімгерлердің БҰҰ миссиясына дайындығы тексерілді
Қоғам • Бүгін, 12:48
Түркияда мектепке шабуыл жасамақ болған топ ұсталды
Әлем • Бүгін, 12:32