КӨКШЕТАУ. 28 тамыз. Қайғылы жағдай өткен желтоқсан айында, Бірлік ауылында орын алған. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Ақмола облыстық прокуратурасы 10-шы басқармасының прокуроры Мәншүк Жүнісованың хабарлауынша, Жергілікті 59 жастағы тұрғын Р-ның азаматтық некедегі әйелі В. басқа кісінің етегінен ұстап кеткені жүрегіне қатты батса керек. Оның үстіне бәсекелесі Х. осы ауылда тұратыны, азаматтық әйелінің көз алдында көлбеңдеп жүретіні зығырданын қайнатқан көрінеді. Жүрекке әмір жүрмейтінін ескермеген Р. «жігіт сияқты» сөйлеспек болып, бәсекелесі тұрып жатқан үйде біршама байбалам шығарады. Бұдан тиісті нәтиже болмаған сияқты. Ертеңінде көзі қарауытқан Р. әлгі үйге тағы да келеді. Қаны басына шапқан ол қалың ұйқыдағы Х-ның басын балтамен соққан. Ол сол жерде жан тапсырады. Шошып оянған В. полицияға телефон шалып, болған жағдайды хабарлаған. Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот жуырда осы қанды оқиғаның нүктесін қойды. Енді Р. қатаң режімдегі колонияда 13 жыл бойы жаза мерзімін өтейтін болады. Ақмола облыстық сотының аппеляциялық коллегиясы үкімді өзгеріссіз қалдырды. Бақберген Амалбек. Дерек, сурет: egemen.kzИран Ормұз бұғазын қайта жапты
Әлем • Бүгін, 16:58
Министрлік «Қыз Жібек» фильмінің реквизиттеріне қатысты мәлімдеме жасады
Оқиға • Бүгін, 16:42
Жемқорлықпен күрес: Алты жылда 1 000-нан астам шенеунік сотты болды
Қоғам • Бүгін, 16:17
Дзюдодан Азия чемпионаты: Қазақстан қоржыны бесінші медальмен толықты
Спорт • Бүгін, 15:59
Иран әуе кеңістігін ішінара ашты
Әлем • Бүгін, 15:35
Әл-Фараби даңғылында жол ережесін өрескел бұзғандар ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 14:29
Жерде магниттік дауыл басталды
Оқиға • Бүгін, 14:06
Теміржолшыларға баспана: «ҚТЖ» мен «Отбасы банк» жаңа жобаны іске қосты
Қоғам • Бүгін, 13:32
Елордада 17 адамды «қажылыққа жіберемін» деп алдаған алаяқ жазаланды
Оқиға • Бүгін, 13:09
Бітімгерлердің БҰҰ миссиясына дайындығы тексерілді
Қоғам • Бүгін, 12:48
Түркияда мектепке шабуыл жасамақ болған топ ұсталды
Әлем • Бүгін, 12:32
Соңғы үш айда құқықбұзушылық саны 15,1 пайызға азайды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:10
