Қазақстан халқы Ассамблеясы cіздерді сүйікті елордамыз – Астана күнімен шын жүректен құттықтайды!
Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың саяси ерік-жігері мен тарихи бастамаларының арқасында қасиетті Сарыарқа даласында өзіне ғана тән бірегей сәулетімен арман қала бой көтерді.
Астана – бірлік пен берекенің, Отанымыздың телегей табыстарының символы, Қазақстан халқы қол жеткізе алатын шексіз мүмкіндіктердің үлгісі.
Астана Тәуелсіз Қазақстанды әлемге танытты. Мұнда әлемдік көшбасшылардың кездесулері, аса өзекті саяси, экономикалық және әлеуметтік-мәдени мәселелер бойынша жоғары деңгейдегі халықаралық іс-шаралар өткізіліп келеді. Ол Еуразияның кіндік қаласына – елдердің орнықты даму жолдарын айқындап, халықтар арасындағы сенім мен өзара түсіністікті нығайту тетіктері қарастырылатын ортаға айналды.
Бүгінде қазақстандықтар бейбіт те бақытты заманда өмір сүруде. Қазақстандық Ұлы жолмен жүріп, еліміз дамудың жаңа деңгейіне көтерілді, ал мемлекеттік сарабдал саясат экономикалық өсу мен әлеуметтік дамуды қамтамасыз етті.
Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы Мемлекет басшысы Қазақстанды әлемнің озық дамыған 30 елінің қатарына қосуды көздейтін бес институционалдық реформаға бастамашылық жасады.
Өзінің ауқымы жағынан теңдессіз «Баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет – 100 нақты қадам» Ұлт жоспары қабылданды. Бұл біздің еліміз үшін күрделі сынақ кезеңінен сеніммен өтетін беріктік қорын қалыптастырады, «Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асыруға, қазақстандық мемлекеттілікті нығайтуға мүмкіндік береді.
Алға қойылған міндеттердің табыспен іске асырылуы Астананың одан әрі өркендеп, келешегі кемелдене түсуі үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынына сеніміміз зор.
Құрметті жерлестер!
Барлық қазақстандықтарды Астана күнімен, бейбітшілік және келісім астанасының мерекесімен құттықтаймыз!
Біздің мақтанышымыз, Отанымыздың жүрегі – ару Астананың жұлдызы әрқашан жарық болсын! Астана – Қазақстанның зор қуаты мен бұла күші. Бұл – отандастарымыздың ізгі үміттері ақталып, бақыт жолына бастайтын арман қала.
Алдағы уақытта да Астана қайталанбас келбетімен, көз тартар сұлулығымен және ұшқыр жаңашылдығымен баршамызды қуанта береріне сеніміміз мол.
Мереке құтты болсын, құрметті қазақстандықтар! Туған күніңмен, елордамыз Астана!
Қазақстан халқы Ассамблеясы.

Жасөспірімдер арасындағы бала туу деңгейі неге жоғары?
Қоғам • Бүгін, 17:28
Иран Ормұз бұғазын қайта жапты
Әлем • Бүгін, 16:58
Министрлік «Қыз Жібек» фильмінің реквизиттеріне қатысты мәлімдеме жасады
Оқиға • Бүгін, 16:42
Жемқорлықпен күрес: Алты жылда 1 000-нан астам шенеунік сотты болды
Қоғам • Бүгін, 16:17
Дзюдодан Азия чемпионаты: Қазақстан қоржыны бесінші медальмен толықты
Спорт • Бүгін, 15:59
Иран әуе кеңістігін ішінара ашты
Әлем • Бүгін, 15:35
Әл-Фараби даңғылында жол ережесін өрескел бұзғандар ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 14:29
Жерде магниттік дауыл басталды
Оқиға • Бүгін, 14:06
Теміржолшыларға баспана: «ҚТЖ» мен «Отбасы банк» жаңа жобаны іске қосты
Қоғам • Бүгін, 13:32
Елордада 17 адамды «қажылыққа жіберемін» деп алдаған алаяқ жазаланды
Оқиға • Бүгін, 13:09
Бітімгерлердің БҰҰ миссиясына дайындығы тексерілді
Қоғам • Бүгін, 12:48
Түркияда мектепке шабуыл жасамақ болған топ ұсталды
Әлем • Бүгін, 12:32