Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Қабиболла Жақыпов Вьетнам Социалистік Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Нгуен Ван Хоаны қабылдады, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
Кездесуде тараптар Қазақстан мен Вьетнам арасындағы өзара ынтымақтастық мәселелеріне тоқталып, әсіресе, екі елдің сауда-экономикалық байланыстарын нығайтуға көңіл бөлді. Тараптардың атап өткеніндей, Вьетнам Премьер-министрінің Қазақстанға сапары барысында қол қойылған Еуразиялық экономикалық одақ елдері мен Вьетнам Социалистік Республикасы арасында еркін сауда аймағы туралы келісім екіжақты экономикалық ықпалдастықты одан әрі тереңдетуге серпін бермек.
Қ.Жақыпов әлемдік экономикалық дағдарыс жағдайына айрықша назар аударып, оны еңсеру жолында қолға алынып жатқан шаралардың барлығы экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталғанын айтты. Өз кезегінде елші экономикалық, саяси, парламентаралық, достық байланыстарды дамытудың маңыздылығына тоқталып, алдағы уақытта Вьетнам Социалистік Республикасы Қазақстан азаматтары үшін визасыз режим енгізуді жоспарлап отырғанын атап өтті.
Сондай-ақ, Қ.Жақыпов үстіміздегі жылғы тамыз айының соңында Қазақстандағы миссиясының аяқталатындығына орай, елшіге соңғы үш жыл ішінде қос мемлекеттің қарым-қатынасын жан-жақты дамытуға қосқан жеке үлесі үшін алғысын жеткізді.

Ауа райы • Бүгін, 17:55
Жасөспірімдер арасындағы бала туу деңгейі неге жоғары?
Қоғам • Бүгін, 17:28
Иран Ормұз бұғазын қайта жапты
Әлем • Бүгін, 16:58
Министрлік «Қыз Жібек» фильмінің реквизиттеріне қатысты мәлімдеме жасады
Оқиға • Бүгін, 16:42
Жемқорлықпен күрес: Алты жылда 1 000-нан астам шенеунік сотты болды
Қоғам • Бүгін, 16:17
Дзюдодан Азия чемпионаты: Қазақстан қоржыны бесінші медальмен толықты
Спорт • Бүгін, 15:59
Иран әуе кеңістігін ішінара ашты
Әлем • Бүгін, 15:35
Әл-Фараби даңғылында жол ережесін өрескел бұзғандар ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 14:29
Жерде магниттік дауыл басталды
Оқиға • Бүгін, 14:06
Теміржолшыларға баспана: «ҚТЖ» мен «Отбасы банк» жаңа жобаны іске қосты
Қоғам • Бүгін, 13:32
Елордада 17 адамды «қажылыққа жіберемін» деп алдаған алаяқ жазаланды
Оқиға • Бүгін, 13:09
Бітімгерлердің БҰҰ миссиясына дайындығы тексерілді
Қоғам • Бүгін, 12:48