15 Қазан, 2015

Контрабандашыларға қатысты үкім заңды күшіне енді

296 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
prokuratura АСТАНА. 15 қазан. Жамбыл облысының Мерке ауданында тауарлар контрабандасымен айналысқан трансұлттық қылмыстық топтың мүшелеріне қатысты үкім заңды күшіне енді. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады. Бас прокуратураның арнайы прокурорлары тергеген осы қылмыстық іс бойынша құрамында 4 шекара қызметкері бар Қазақстан мен Қырғызстанның 22 азаматы сотқа берілді, олар шекара арқылы халық тұтынатын тауарларды заңсыз тасымалдаған. Осы топты биылғы сәуір айында 14 жүк автокөлігімен шекараны заңсыз кесіп өткен кезде шекара қызметі ұстады. Сараптама қорытындысы бойынша, халық тұтынатын тауарлардың кедендік құны 162 млрд. теңгені құрады. Контрабандалық тауарлардың барлығына тыйым салынды. Үш айдан астам уақыт бойына бірінші сатыдағы сотта екі прокурор мемлекеттік айыптауды қолдап, ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінің кінәсін дәлелдеді. Мамандандырылған ауданаралық әскери соттың 2015 жылғы 24 шілдедегі үкімімен сотталушылар әртүрлі мерзімдегі жазаға сотталды. Заттай айғақ ретінде танылған халық тұтынатын тауарлары бар 14 жүк автокөлігі мемлекет кірісіне тәркіленді. Айдар Өрісбаев. Дерек, сурет: Бас прокуратураның баспасөз қызметі.