16 Қазан, 2015

Тосыннан түсірілген табиғат

219 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
ERA_4922 (9)Ұлттық музейде «Дұрыс аңшылықты қолдау және жануарлар дүниесін қорғау» корпоративті қоры Қазақ хандығының 550 жылдығына «Қазақстанның жануарлар дүниесі» атты республикалық фотокөрме ұйымдастырды. Қор президенті Оралбай Әб­ді­кәрімовтің айтуынша, бай­қау тү­рінде өткізіліп жатқан фото­көр­меге 70 фотосуретшіден 231 су­рет келіп түскен. Байқауға Қазақ­станның ең мықты фотографтары қатысып отыр. «Фотоөнер саласының майтал­ман мамандарынан құралған қа­зылар алқасы суреттердің стилі мен сапасына, ерекшелігі мен біре­гей­лігіне басымдық берді. Қазылар алқасы фотокөрмеге ең үздік 40 суретті таңдап алды», – деді О.Әб­ді­кәрімов. Қор президентінің сөзінше, рес­публикалық фотокөрме елі­міз­дегі жануарлар дүниесінің сан­алуандығын көрсетуді көздейді және оларды қорғауды насихаттайды. «Адамдардың табиғатқа селқос қарауының cалдарынан көптеген жануарлардың саны азайып, кей­біреулері жойылып кетіп жатыр. Бүгінде біздің елімізде қабылан, Тұ­­ран жолбарысы, Пржевальск жыл­­қысы мүлде жоғалып бітті де­се де болады. Бұған адамдардың та­биғатты ластауы, түрлі табиғи апат­тар мен өндіріс орындарының көбеюі бірден-бір себеп болып отыр. Бүгінгі фотокөрме ел азамат­тарының жануарлар дүниесін сақ­­тауға деген жауапкершілігін арт­тыруға сеп болады деген ойдамын. Біз барлығымыз бірлескенде ға­на табиғатымыздың фаунасын жо­ғалтпай, болашақ ұрпаққа аманат етіп тапсырамыз», – деді қор пре­зиденті. Сөз арасында О.Әбдікәрімов Қа­зақстанда құстардың – 490, сүт­­­қоректілердің – 172, бауыры­мен жорғалаушылардың – 51, қос­ме­кенділердің – 12, балықтың 100-ден астам түрі бар екеніне тоқ­талды. «Елімізде жойылып бара жат­қан және жойылудың алдында тұр­­ған жануарларды тіркеп отыратын «Қызыл кітап» мерзімді түр­­де жарық көріп жатыр. 2010 жы­­лы шыққан «Қызыл кітаптың» 4 ба­сылымына балықтың – 18, қос­ме­кенділердің – 3, бауырымен жор­ға­лаушылардың – 10, құстардың – 57, сүтқоректілердің – 40, өзге жа­н­­уар­лардың 128 түрі енген», – деп түйді ойын қор президенті. Көрмеде сөйлеген сөзінде мемлекет қайраткері Өмір­бек Байгелди шет мемлекеттер­де адамдар табиғатпен біте қай­на­сып кететінін, оны аялайтынын, қа­дірлеп қастерлейтінін, біз сияқ­ты немкеттілік танытпайты­нын тілге тиек етсе, Мәжіліс де­­пу­­та­­­ты Қуаныш Сұлтанов рес­пуб­ли­­­­калық фотокөрме дер кезінде ұ­йымдастырылып отырғанына тоқ­­­­­талып, оның берері мол болаты­ны­­на сенім білдірді. Ал Ұлттық музейдің директоры Дархан Мың­бай Қазақстан Тәуелсіздік ал­ған­нан кейін алғашқы қабылдаған заңдарының бірі жан-жануарлар мен қоршаған ортаны қорғауға қатысты заң болғанын атап көр­сетіп: «Мұның өзі біздің мемле­кетіміздің табиғатқа деген дұрыс көзқарасын көрсетеді және атакәсіп – аңшылықты оң ба­ғытта дамытуға басымдық беруді қалайтынының жарқын көрінісі болып табылады», – деді. Айта кетейік, республикалық фо­токөрменің қорытындысы 20 қа­зан күні шығарылады. Ерлан ОМАРОВ, «Егемен Қазақстан».