16 Қазан, 2015

777 000

233 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
dfghтеңге пара алған шенеунік сотталды «Қолыңнан келсе, қонышынан бас» де­генді қызметтік ұстанымына айналдырған шенеуніктер қатты қателесетінін білмейді-ау, сірә! Әйтпесе, мемлекеттің мүддесінен өз мүддесін жоғары қоймас еді. Қу құл­қын­ның қамымен қалтасын толтыру үшін оңай жолмен ақша табуды ойламас еді. Бұған нақты дәлел ретінде облыстық жұ­мыспен қамтуды үйлестіру және әлеу­меттік бағдарламалар басқармасының шетелдік жұмыс күшін тарту бөліміне же­текшілік ететін шенеуніктің жат әреке­тін келтіруге болады. Атырау қалалық №2 сотында қарал­ған қылмыстық іс материал­дарында аны­қ­талғандай, бөлім басшысы мемле­кеттік қызметті жүзеге асырушы өкілетті тұлға бола тұра «МНСК Синопек Қазахстан» ЖШС өкілінен шетелдік жұмыс күшін пайдалану мен оның мерзімін кедергісіз ұзартуға рұқсат бергендігі үшін 777 000 тең­ге пара алған. Сот үкімімен ол Қыл­­мыстық кодекстің 366-бабының 2-бө­лігінде (Пара алу) көрсетілген қыл­мыс­­тық әрекетті жасағандығы үшін кі­нәлі деп танылып, оған төрт жылға бас бостандығынан айыру, дүние-мүлкін тәр­кілеу және өмір бойы мемлекеттік қыз­­­метпен айналыспау жазасы тағайын­далды. Жаза өтеу орны жалпы режімдегі колониясына белгіленді» деп хабарлады облыстық соттың баспасөз хатшысы Боранбай Ғалиев. Қылмыстың өтеуі – жаза. Мұның өзге мемлекеттік қызметкерге сабақ болғанын қалар едік. Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан». АТЫРАУ.