ҚЫЗЫЛОРДА. 21 мамыр. Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні мерекесіне орай Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапханадан Қазақстанның халық жазушысы, аудармашы, драматург Қалтай Мұхамеджановтың жеке кітапханасы ашылды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Шараға облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қатысып, жаңа кітапхананың ашылуымен құттықтады. «Қалтай ағаның өмірден озғанына да 14-15 жылдың жүзі болды. Ол кісі артына бай әдеби мұрасы мен драмалық шығармаларын, публицистикалық еңбектері мен бірқатар аудармаларын қалдырып кетті. Келешекте бұл кітапхананың халық игілігіне қызмет ететін мәдени орталыққа айналатынына, оқырмандарының жүрегіне жол табатын білім ордасына айналарына сеніміміз мол», – деді облыс әкімі.
Айта кетейік, жазушының драматургиялық шығармалары шет тілдеріне аударылып, АҚШ, Ұлыбритания, Болгария, Венгрия, Моңғолия, Ресей, Қырғызстан және тағы басқа елдердің театрларында қойылған. Бүгінгі күні кітапханаға жазушының жеке кітапханасындағы 8 мыңға жуық кітап, көп жылдар пайдаланған заттары, жазу құралдары, кәдесыйлары мен портреті әкелінген.
Ержан Байтілес.
Дерек, сурет: egemen.kz.
• 21 Мамыр, 2015
Қалтай Мұхамеджановтың жеке кітапханасы ашылды (фото)

Түркістан облысында жол апатынан үш оқушы мерт болды
Оқиға • Кеше
Алматыда KITF 2026 көрмесіне 6 мыңнан астам адам қатысты
Туризм • Кеше
Алматыда дрифт жасаған жүргізуші қамауға алынды
Оқиға • Кеше
Астанада маса мен шыбын-шіркейге қарсы күрес күшейтілді
Елорда • Кеше
Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып келген
Оқиға • Кеше