ҚАРАҒАНДЫ. 27 тамыз. Қарағанды облысында ауылдастарының қойын ұрлаған күдікті құрықталды. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жезқазған қаласының маңындағы Талап деген ауылдың 44 жастағы тұрғыны ауылдастарының өрістегі бір отар қойын айдап кеткен. Полицияға шағымданған азаматтардың бірінің 43, ал екіншісінің 134 қойы үшті-күйлі жоғалған екен.
Жедел-іздестіру шараларының барысында полиция қызметкерлері күдіктіні қолға түсірді. Ол өзінің ұрлығын мойындап, мал иелеріне қойдың жартысын қайтарды.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.
Қайрат Әбілдинов.
Қарағанды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
Сурет: egemen.kz.

Тұлға • Кеше
Ауа райы • Кеше
Иран Ормұз бұғазын қайта жапты
Әлем • Кеше
Иран әуе кеңістігін ішінара ашты
Әлем • Кеше
Әл-Фараби даңғылында жол ережесін өрескел бұзғандар ұсталды
Аймақтар • Кеше
Жерде магниттік дауыл басталды
Оқиға • Кеше