АСТАНА. 21 мамыр. Астанада VIII Астана экономикалық форумы аясында «Нұрлы жол – жаңа мүмкіндіктер» атты халықаралық әйелдер форумы өтті. Оған Мемлекеттік хатшы, Президент жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Гүлшара Әбдіқалықова қатысты. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.
Сондай-ақ, форум жұмысына Парламент Мәжілісінің депутаты М.Қазбекова, Ауғанстан Парламентінің депутаты Ш.Баракзай, БҰҰ Даму бағдарламасының әкімшісі Х.Кларк, бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығының 2011 жылғы лауреаты Т.Карман, сондай-ақ, таяу және алыс шет елдердің саяси, экономикалық, бизнес-топтары өкілдері қатысты.
Форумды ашқан Гүлшара Әбдіқалықова гендерлік теңдікті ілгерлетудегі және әйелдердің іскерлік белсенділігін арттырудағы еліміздің жетістіктерін атап өтті. Мемлекеттік хатшы институционалдық тәсілдерді жетілдірудің, әйелдер кәсіпкерлігін одан әрі дамытуға инвестициялар мен инновациялар тартудың және әйелдерді оқыту мен олардың біліктілігін арттырудың заманауи инфрақұрылымын жасау қажеттілігіне назар аударды.
Комиссия төрайымы қазіргі кезеңде инфрақұрылымдық дамудың 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасындағы жобаларды іске асыру ісіне әйелдердің көбірек тартылуын қамтамасыз ету маңызды екенін айтты.
Сонымен бірге, форумда әлемдік жаңа трендтер жағдайында әйелдердің экономикалық белсенділігін одан әрі арттыруға қатысты сын-қатерлер мен мүмкіндіктер талқыланды.
Форумды Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» жолдауын іске асыру аясында ұйымдастырды. Жұмыс қорытындысы бойынша әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін арттыру, олардың арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендету, көшбасшылық әлеуетін арттыру, сондай-ақ, Қазақстанда шағын және орта бизнесті қолдау жөнінде ұсынымдар әзірленді.
Еламан Қоңыр.
Дерек: akorda.kz.
Сурет: todaynews.kz.

Алматыда дрифт жасаған жүргізуші қамауға алынды
Оқиға • Бүгін, 19:55
Батыс Қазақстанда ауылдық округ әкімдерінің облыстық I форумы өтті
Аймақтар • Бүгін, 19:39
Алматыда халықаралық конференцияда өндіріске енген жобалар таныстырылды
Ғылым • Бүгін, 18:54
Астанада маса мен шыбын-шіркейге қарсы күрес күшейтілді
Елорда • Бүгін, 18:33
Қарағандыда көліктен 34 жастағы әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:50
Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып келген
Оқиға • Бүгін, 17:22
Қазақстанда 2027 жылы жаңа әуежай ашылады
Құрылыс • Бүгін, 17:04
Күндізгі сауда қорытындысы: Доллар 1,7 теңгеге қымбаттады
Қаржы • Бүгін, 16:59
Аялдамадағы аяусыздық: Күдікті бұрын адам өлтіргені үшін сотталған болып шықты
Қоғам • Бүгін, 16:45
Президент IT саласындағы озық идеялар мемлекеттік жүйеге енгізілуі тиіс екенін айтты
Президент • Бүгін, 16:31
Қазақстанда халықаралық Astana AI Film фестивалі өтеді
Технология • Бүгін, 16:21
Тоқаев Alem.ai battle және AI Governance Cup байқауларының жеңімпаздарын марапаттады
Президент • Бүгін, 16:20
Алматыда арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Алматы • Бүгін, 16:12